Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

Коронавирус: Президент Тоқаев маңызды мәлімдеме жасады

Atr.kz/13 наурыз, 2020 жыл.  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясына қатысты мәлімдеме жасады.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс», — деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.

Пандемия — белгілі бір ауру түрінің жаһандық ауқымда таралуы дегенді білдіреді. Көп жағдайда адамнан адамға оңай жұғатын вирус түрі мутациялауға ұшырағанда ол пандемияға оңай ұласуы мүмкін. Пандемия кезінде өлім саны  әлдеқайда жоғары болады.

Десе де мамандар   пандемия өткен соң адам ағзасында оған тосқауыл болатын иммунитет пайда болатынын айтады.

b4cbd38 koronavirus

Қазіргі таңда Италия пандемия кеңінен тараған Қытайдан кейінгі екінші мемлекет. ANSA агенттігінің хабарлауынша, Италияда бір тәулікте аталмыш аурудан 189 адам көз жұмған. Осылайша, Италия пандемиядан 1016 адамын жоғалтып отыр.

Бүгінгі таңда Италияда аталмыш вирусты 15 мыңнан астам адам жұқтырған.

Еске сала кетелік, қазіргі уақытта Қазақстан пандемияның алдын – алу шараларын қолға алды. Мектептерде сабақты мерзімінен бұрын тоқтатып, жоғарғы оқу орындары студенттерін дистанциялық оқу жүйесіне ауыстыру, спорттық шараларды шегеру туралы шешімдер қабылданды. Және Наурыз мерекесіне байланысты бұқаралық шаралар, Жеңіс шеруі де өтпейді.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Адамзат тарихындағы пандемия мен эпидемиялар:

Юстиниан обасы: б.з.д. 540 — 541 жылдар;

Қара шешек: 1346-1350 жылдар;

Тырысқақ: 1899-1923 жылдар;

Испан тұмауы (H1N1): 1918-1920 жылдар;

 Тұмау (H2N2): 1957-1958 жылдар;

 Гонконг тұмауы: 1968-1969 жылдар;

 Құс тұмауы (H1N1): 2009 жыл.

Жоғары аталған пандемия мен эпидемиялардың ішінде Испан тұмауы 100 миллион адамның өмірін жалмады.

http://atr.kz/bez-rubriki/mүftiyat-meshitterdegi-bes-uaқyt-namazғa-bajlanysty-үndeu-zhariyalady/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button