Жаңа тазарту нысандары іске қосылғаннан кейін Атыраудың экологиясы жақсарады

178985 preview image1 Жаңалықтар

Atr.kz/19 ақпан, 2020 жыл. Атырауда облыс орталығының сол жақ жағалауындағы ақпасуды тазарту станциясының құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар, Атыраудың оң жақ жағалауында да қуаты тәулігіне 31 мың текше метр болатын осындай ғимарат салу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда. Мемлекеттік сараптама оң қорытынды берді.

Бұл туралы 2019 жылдың қорытындысы мен 2020 жылға жоспар жөнінде  тұрғындар алдында есеп берген Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов хабарлады, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Атырау қаласының сол жақ жағалауында ақпасу булану алаңының тоғанын қалпына келтіру жобасы жасалып жатыр. Ол іске қосылған кезде қала аумағында жағымсыз иіс шығаратын лас заттар азаяды. Атырау қаласының оң жақ жағалауында да осындай жоба қолға алынады, мемлекеттік сараптама оң нәтиже беріп отыр.

– Кәріз тазарту қондырғыларын іске қосу – ақпасуды тазартып, Атырау қаласында техникалық қажеттіліктерге пайдалануға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Махамбет Досмұхамбетов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз