«Көрісу – құнды ғұрпымыз»: Махамбет Досмұхамбетов атыраулықтарды құттықтады

1 31 Жаңалықтар

«Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов атыраулықтарды көрісу мерекесімен құттықтады» деп хабарлайды Atr.kz

Бұл туралы аймақ басшысы «Фейсбук» желісіндегі парақшасында жазды.

​»Тәуелсіздік жылдары ұлтымыздың руханияты қайта жанданып, ұлттық кодымыз жаңғырды. Терең тарихымыз бен бай салт-дәстүрімізді түлету үшін мемлекет тарапынан үлкен қолдау жасалып келеді. Мәңгілік ел құруға негіз болатын ерекше құндылықтарымыз осылайша жас ұрпақтың санасына сіңуде.​

Халқымыздың ортақ салт-дәстүрімен қатар, байтақ еліміздің кей аймағында өзіне тән жол-жоралғылары да бар. Бұл – Алтайдан Атырауға дейінгі аралықты ен жайлаған еліміздің ұлттық әдет-ғұрыптарға барынша бай екенін көрсетеді.​Соның бірі – өңірімізде ерекше аталып өтетін «көрісу» мерекесі.

Бұл бабаларымыздан бері келе жатқан бағзы дәстүр, құнды ғұрпымыз.​ Қытымыр қыстан шыққан ел көктемнің лебіндей көңілденіп бір-бірінен амандық-саулық сұрасып, көріседі. Жастар жағы қарияларға ілтипат-ізет көрсетіп, үлкендер болса, жас ұрпаққа аталық ақ баталарын береді.​Әрбір шаңырақта жылы-жұмсағы мол арнайы дастарқан жайылады.

Жыл бойы көріспеген ағайын – тума, көрші – көлем ас-дәм мен ақтан ауыз тиіп, бір-бірлеріне жылы лебіздерін арнайды. ​Осы игі дәстүріміз бүгінде берік рухани қазынамыз ретінде орнығып, жалпы адами құндылықтар мен ізгіліктің өрісіне айналды.​

Бүгін бір-бірлеріңізге айтқан жақсы тілектеріңіз бен ізгі амалдарыңыз қабыл болғай! Шыққан жастарыңыз құтты болсын!» делінген құттықтауда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз