whatsapp image 2019 10 11 at 17.58.58 2

«Сапалы медициналық көмек алатынына әркім сенімді болуы керек»

Жаңалықтар

Atr.kz/14 қазан, 2019 жыл. Атырау өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған астаналық қонақтар облыстық ауруханаға табан тіреді.

Бердібек Сапарбаев міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселесіне қатысты мәжіліс өткізді. Вице-премьердің сөзіне қарағанда, міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізумен қатар, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру да маңызды екен. 

«Елбасы мен Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласы қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын көтеруге қатысты нақты тапсырмалар берді. Бұл жерде басты назарды «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасына аудару керек, өйткені, медицина саласы ең алдыменен ауылдық жерде ақсап отыр. Жас мамандарға баспана мен жалақыдан бастап, барлық жағдайлар жақсартылуы керек,» – деді Сапарбаев Атырау облысы басшылығына назар аударып. 

– Өз кезегінде жұмыс берушілер сақтандырудан жалтармауы тиіс. Оны белсенді түрде енгізу керек, сапалы медициналық көмек алатынын әр қазақстандық анық сезінуі тиіс ,- деп қорытындылады өз сөзін Сапарбаев.

Мәжілістің қорытындысы бойынша Бердібек Сапарбаев міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізуге арналған жұмыстарды үдете түсіп, тұрғындар мәртебесін нақтылау, оны ақпараттандыру жұмыстарын жалғастыра беруді тапсырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған