Жарнама
ЖаңалықтарҚоғамҚұқық

Қораптан табылған нәресте: Баланы қайыршы әйел уақытша сұрап алған

Atr.kz/ 10 сәуір, 2019 жыл. Облыстық полиция департаменті Атырауда табылған 9 айлық сәбиге қатысты оқиғаның мән-жайын айтты.

«9 айлық нәрестенің анасы табылды. Ол жұмыс істейді. Баланы қайнағасымен бірге тұратын әйелге сеніп тапсырған. Сәбиді таксимен үйіне жеткізу үшін оған ақша берген. Бірақ әйел, супермаркеттердің бірінің алдында қайыршылықпен айналысатын танысын кездестірген. Ол баланы аздаған уақытқа бере тұруды сұраған. Себебі кішкентай баламен ақшаны көбірек жинауға болады.

Алдымен, көшеде өтіп бара жатқан адамдар, кейін оған таянған учаскелік инспектор ұлты қазақ әйелдің қолындағы славяндық келбеттегі балаға назар аударған. Ол қорыққаннан сәбиді қоқыс жәшігінің маңынан қораптың ішінен тауып алғанын айтқан», — деп мәлім етті Полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Назымгүл Қайсағалиева.

Бала анасына тапсырылды, денсаулығы жақсы. Өз кезегінде әйел перзентіне дер уақытында назар аударған полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді. Еске салайық, 8 сәуір күні Атыраудың Сары-Арқа шағынауданында қоқыс жәшіктерінің жанынан қорапқа салынған 8-9 айлық нәресте табылғаны жөнінде әлеуметтік желі пайдаланушылары хабарлаған болатын.

Факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы 2-бөлігі (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау немесе дұрыс орындамау)бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button