ҚОР – КЕЛЕШЕГІМІЗДІҢ КЕПІЛІ

Дүние жүзін дағдарыс жайлап, кейбір мемлекеттер тығырыққа әбден тірелгенде Елбасымыз экономикамызды сауықтырудың, халықтың әл-ауқатын жақсартудың тағы бір тың жолын ұсынды. Үкіметке шұғыл шараларды қолға алу үшін 250 млрд. теңгелік қор құру тапсырылды.

 

Міне, осы қор, менің ойымша, кемел келешегіміздің кепілі болмақ. Өйткені, әлемдік дағдарысты еңсеруге байланысты о баста Ұлттық қордан бөлінген қаражат жоспарланған жұмыстарға жұмсалуы керек болса, жаңа қор тосын болып қалуы мүмкін жағдайларды жеңілдету үшін қажет. Өйткені, Елбасы айтқанындай, ішкі және сыртқы әсерлердің ықпалымен жыл ішінде түрлі оқиғалар орын алуы ықтимал. Демек, соларды шешу үшін Үкіметте жеткілікті қаражат болуы шарт. Президенттің жаңа тапсырмасының төркіні осы.

Қозыбақ ҚҰЛБАРАҚОВ,

ҚР Ұлттық банкі Атырау облыстық филиалының директоры.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз