ЖаңалықтарҚоғам
Көпқабатты үйдегі өрт дер кезінде сөндірілді
19.05.2021 жылы күні Атырау қаласы Балықшы мөлтек ауданы 26 үйдің 1 — этажында сағат шамамен 08:30-да электр тоқ құралдары белгісіз себептен өртеніп, көп қабатты үйді қара түтін баурады. Осы уақытта қарама қарсы үйде тұратын әскери жасақ бастығы кіші сержант Сабыргалиев Шалқар Маратұлы өрт көздерін байқап, үйіндегі газтұмылдырықты алып, көмекке кіріседі. Дереу өрт сөндіру қызметіне хабарлап, полиция қызметкерімен бірге 5 қабаттағы 5546 әскери бөлімінің офицері капитан Берік Елемесовтың жанұясын, яғни 2019 жылы туылған ұлын және 2021 жылы туылған қызын қара түтін алабынан алып шығады. Қалған тұрғындарды өрт сөндіру қызметшілері қауіпсіз аймаққа шығарды. Үйдің барлық тұрғындары зардап шеккен жоқ.