Жарнама
Жаңалықтар

Көпқабатты үйдегі өрт: 67 азамат құтқарылып, бір адам қаза тапты

Бүгін, 25 қыркүйек күні сағат 03:03-те Атырау қаласының «Алмагүл» шағынауданындағы алты қабатты тұрғын үйде өрт шығып, жедел құтқару жұмыстары ұйымдастырылды. Өрт тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерден шыққан және 74 шаршы метр аумақты қамтыған. Төтенше жағдайлар департаментіне өрт туралы шақырту сол сәтте түскен.

Аталған департаменттің Қоғаммен байланыс тобының хабарлауынша, оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар автосаты мен баспалдақтарды пайдаланып, 13 адамды, соның ішінде 6 баланы құтқарды. Сонымен қатар, 54 адам, оның ішінде 30 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

-Өрт сағат 03:44-те толықтай сөндірілді. Өрт ошағынан 1954 жылы туған әйел адамның мүрдесі табылды. Бұдан бөлек, 1994 жылы туған ер азамат қатты күйік алып, ауруханаға жеткізілді. Өрттің шығу себебі – қасақана өртеу, — делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кету керек, өртті сөндіруге және құтқару жұмыстарын жүргізуге облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 17 құтқарушы мен 4 техника, ал медициналық қызметтен 3 қызметкер және 1 техника жұмылдырылды.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button