Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

КӨПІРДЕ ҚАНДАЙ ШЕКТЕУ БАР?

Atr.kz/24 қаңтар, 2020 жыл. Кеше Атырау қаласындағы орталық көпір қайтадан ашылды. Бірақ, көпір өтетін көліктерге бірқатар шектеулер қойылды.

Бұл көпір 1965 жылы пайдалануға берілген еді. Оған жиырма жыл бұрын күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Ал, 2016 жылы көпір конструкциясының жай-күйіне техникалық тексеріс тағайындалып, кейбір тіректерінің ескіргені, нысанға күрделі жөндеу қажеттігі айқындалды. Күрделі жөндеуді жүзеге асыруға жобалықсметалық құжаттама жасақталып, мемлекеттік сараптамаға жолданыпты.

Алайда, орталық көпір бұдан он күннен астам бұрын жабылған еді. Өйткені, көпірдің астыңғы тіреуімен өтетін жылу желісінің сырғымалы тірегінен ақау табылды. Содан бері аталған ақау қалпына келтірілді. Сондай-ақ, арнайы мамандар көпірдің жарамдылығына зерделеу жасады. Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ринат Жанғылышовтың айтуынша, мамандардың жасаған қорытындысына сәйкес, енді 3.4, 3.11, 3.24 жол белгілері орнатылды.

Бұдан былай көпір үстімен ауыр жүк көліктерінің жүруі шектелді. Көпірде көлік кептелісінің орын алмауы үшін сағатына 40 км жылдамдық қатаң сақталуы тиіс. Ал, қала тұрғындарын тасымалдайтын қоғамдық көліктер бұрынғы маршрутқа сәйкес жүре береді.

Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button