Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Композитор Мақсым Меңкешов туралы бір үзік сыр

Қарапайым да, қадірлі аға жайлы бір ауыз сөз толғамақ ниетте елеңалаңнан үстелге отырғанымда ойыма орала кеткен тақырып осы «Сағыныш саздары» болды. Бұл таңдауымның да өзіндік сыры бар. Өйткеніменің түсінігімде сол бір сағыныш саздары қадірлі ағаны бүгінгі биігіне алып шықаны анық. Әйтеуір, ауылдастарының аузында жүрген әсем әндер солайша сыр шертеді. Жарқылдаған жиырма бес жасында өнербілім қуумен ауылдан алысқа аттанып, анау Ақтөбені құтты мекені еткелі бері композитор Мақсым Меңкешовті туған жердің ыстық құшағы үнемі өзіне тартып келе жатқаны ақиқат.

Са__ыныш

«Армысыңдар, Аққыстауым,

Ақ әжемнің көзін көрген.

Қайда жүрсем жетем саған

Қанатпенен өзің берген.

Сағыныштан жүдеп келсем,

Жүзді талай нұрға жаным.

Жасыл күзде түлеткен сен

Жастық шақтың тырналарын төсіңде» деп басталып, қайырмасына келгенде:

«Көгілдір көктемнің

Көбелек күндерін

Қуатын алаңсыз

Балдәурен күндерім есімде.

Енді арман қуып біз,

Аттандық ЖерАна

Елжірей қол бұлғап,

Қоштасып қала бер,

Аққыстауым» деп орындаушысын да, тыңдарманын да сағынышты сезімге бөлеп, жырақта қалған жастықтың ауылына жетелейтін «Аққыстауым» әні де жоғарыда жүйелеген пікіріміздің бір дәлелі іспетті емес пе?!

Автордың айтуынша, аталған әдемі ән өзі дүниеге келген қазіргі Исатай ауданы  қайта құрылып, орталығы – Аққыстау ауылы болған сәтте қуаныш толқынында тербеліп, тебіреніп жүрген кезіндегі жүрекжарды шығармасы екен. Арада көп уақыт өтпей, әдеттегідей ауылын аңсай оралып, сүйікті ортасымен сағына қауышқан Мақсым осы бір әнін жерлестеріне тарту етті. Кейін бұл тамаша туынды ауыл, аудан әншілерінің репертуарларынан берік орын алып, үлкенді-кішілі талай сахналардан сырлы сазымен жүрек қылын шерткеніне өнерсүйер қауымның өзі  де куә.

Иә, өмір атты соқпақтан өнер жолын таңдаған балаң жігіт әуелгіде Гурьевтегі музыка училищесінде білім алып, одан кейін Шымкент мәдениет институтын бітірді. Білімге, білуге құштар Мақсым 1986 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясының теория мен музыка тарихы факультетін бітіріп шықты.

Ағаның еңбек жолы   өзінің тұстастары сияқты ауылдан бастау алды. Алғашында мектепте музыка пәнінен дәріс берді, кейін ауыл клубында көркемдік жетекші қызметін атқарғаны бар. Сол уақыттағы өнер қонған ауылдың атағы алысқа  танылуына Аққыстау халық театрының сахналаған спектакльдерді музыкамен көркемдеу, рольдерде ойнау арқылы өзіндік үлесін қосты. Оның аталған өнер ұжымының көрерменге ұсынған бір қойылымы – беларусь драматургі Макаеноктің «Трибунал» спектакліндегі комендант рөлін сомдап,  облыстық байқауда бірінші орын алуы да сол кездерде болса керек.

Са__ыныш саздары

Мақсым аға сонау 1973 жылы Ақтөбе мәдени-ағарту училищесіне оқытушылық қызметке ауысты. Ал, 1991 жылдан бастап Ақтөбе педагогикалық институтында аға оқытушы болды. Зейнеткерлік демалысқа шыққаннан кейін де төрт-бес жылдай студенттерге дәріс берді. 2007 жылы аталған білім ордасының құрметті профессоры атануы, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісін кеудеге тағуы оның елеулі еңбек иесі болғанының  бір куәсі іспетті. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарынан бері «Алғашқы сезім», «Қыз сағынышы», «Анама хат», «Балауса», «Сұлтан Бейбарыс», «Сарайшық саздары», басқа да бірнеше әндер жазған композитор ағамыздың Ақтөбе қаласындағы «Балауса» және «Қарлығаш» қыздар ансамбльдерінің негізін қалаушы екенін, Махамбет бабамыздың 200 жылдық мерейтойына арналған «Ерлердің ісі» атты аспаптық поэмасы республикалық конкурста бірінші орынды иеленгенін, басқа да туындылары елдік сындарда бас жүлделер алып жүргенін атап айтқан жөн.

Өзі еңбек етіп, отбасында жары Гүлнар Даржанқызы екеуі бір ұл, екі қыз тәрбиелеп, өнегелі тірлік тінін өрген Ақтөбе өңіріне «Балауса», «Наурыз күні», «Ақтөбе» әндерімен де мойындалған композитор әрқашан туған жеріне  сағыныш саздарын әуелете жетіп жүргені Махамбеттің мерейтойында жоғарыдағы жүлдегер поэмасымен үлес қосуынан, 1999 жылы Атырауда өткізілген Қазақстан мұнайына – 100 жыл мерекесіне арнап «Мұнайлы өлкем» видео-клипын дайындауынан көрініс береді. Атырау мен Ақтөбе телеэкрандарынан жұртшылыққа жолданған осы шығармасы да өнерсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленген дүние дей аламыз.

Бүгінде жетпіс жастың желкенін керіп үлгерген ағаның өмір жолынан өзіндік сыры мол жайттарды көптеп келтіре беруге болады. Солардың арасынан айтпай өтуге болмайтыны — оның осыдан тұп-тура екі жыл бұрын туған жерге табан тіреген сәтінде өзіміз куә болған жайттар еді. Сол жолы өзі туып-өскен Тұщықұдық ауылындағы  Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектепті бітіргендеріне 50 жыл толуына байланысты өткен жүздесуге жиылған сыныптастары арасында Мақсым аға да болғаны бар. Осы  мүмкіндікті пайдаланған аудан басшылығы белгілі сазгердің «Балауса күндер – сағыныш» тақырыбында ауылдастарымен жүздесу кеші өтуіне ұйытқы болды, өнеріне қолдау танытты, жерлестерінің үлкен-кішісі Мақсымды мақтаныш тұтатынын паш етті. Аудан орталығындағы «Жалын» мәдениет үйінде өткен осынау  тағылымды шара барысында жиналған көпшілікті риза еткен бір жайт – өрелі өнер иесіне «Исатай ауданының Құрметті азаматы» атағының берілуі. Сазгерге аталмыш марапатты табыстаған сол кездері аудан әкімінің міндетін атқарып жүрген Мәди Өтеғалиев пен аудандық мәслихат аппаратының басшысы Жансих Маштаховтың исатайлықтардың атынан мықты саулық, жемісті шығармашылық табыс тілеп, ауылдастарын алдағы уақытта да тамаша туындыларымен қуанта беруіне ниеттестік білдіргені бар-ды.

Әр келген сапарында ауылдастарымен, соның ішінде  балалық балдәуренінің бедерлі іздері қалған Тұщықұдық тұрғындарымен, аудан мұнайшыларымен  жүздесіп, ән сазына бөлеген  Мақсым ағаға деген  жұртшылықтың ыстық ықыласы қазір де көз алдыма келеді. «Қауышудың ерекше әсерлі өткені соншалық, оның өн бойы ән-күймен көмкеріліп отырды. Әсіресе, сыныптасымыз, мақтанышымыз Мақсымның «Аққыстауым», «Анаға хат» туындылары қайта-қайта шырқалып, бүкіл ауылды әнмен тербетіп тұрғандай болды …» деп еске алды баспасөз бетіндегі кейінгі бір мақаласында  Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Сейілхан Қайыржанов.

«Нағыз өнер иелерінің бойына қарапайымдылық, кеңпейілділік тән» деген  пікір қалтқысыз қағидаға айналған десек, бұл қасиеттер композитор Мақсым Меңкешовтің бойына  берік ұялаған.  Сол қалпынан әсте танбайтын ол осы бір боямасыз болмысымен ел ағасы дейтін елуді еркін жүріп өтті, артында асқарлы алпысты  қалдырды. Соның бәрі-бәрінде оны ақтөбеліктер алақанға салып аялап, атыраулықтар қуана қарсылап, құшағына қысқанын қадірінің бөлектігінен деп пайымдаймыз қазір. Тағы бір тамаша әні «Анаға хатта»:

«…Он оралып ойыңа

Былтыр ұшқан бір құсың.

Қара жолдың бойына

Қарайқарай жүрмісің.

 

Барам, ана, көктемде,

Жаңбыр сеуіп өткенде.

Алты ай алқа таққанда,

Бұлақ сылдыр қаққанда …» деп сағыныш сазын Атырауына қарай әуелете ұшырып жүрген композитор Мақсым Меңкешов  желкенді 70 жастың биігіне жарасымды қалпында көтерілді.

Мамырдың 13-ші жұлдызында Ақтөбеде мерейтойына орайластырыла шығармашылық кеші  өткелі отырған ағаның алда да сезіміңді селт еткізер сағыныш саздары туарына  сенеміз.

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР.

Исатай ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button