Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

Коммунистік партия балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық филиалы қаладағы аз қамтылған отбасы балаларына арнап жаңа жылдық кеш ұйымдастырды.

IMG_6940

Атырау энергетика және құрылыс колледжімен бірлескен шара барысында 25 балаға мерекелік дастархан жайылып, жаңа жылдық тәттілер таратылды.

«Партия қайырымдылық шараларын тұрақты түрде өткізуді дәстүрге айналдырған. «Шапағат» акциясы аясында өтіп жатқан бүгінгі кештің мақсаты – балаларға қуаныш, мерекелік көңіл-күй сыйлау. Өткен жылы 150 баланы мұз айдыны мен «Мұнайшы» спорт кешенінде орналасқан бассейнге апарсақ, міне, биыл жаңа жылдық кеш өткізудеміз. Әр бала балалық шақтың бақытын сезінуге тиіс.

«Берсең, балаға бер» деп халқымыз текке айтпаған»,-деген партияның облыстық филиалының бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев қатысушыларды жаңа жылмен құттықтады. Оның айтуынша, партия ұйымдастырған мұндай шаралар бүгін аудандарда да өтуде.
Кеш барысында театрландырылған көріністі тамашалаған балалар өз өнерлерін көрсетіп, Аяз атадан сыйлықтар алды.

Мәлике МӘЛІК

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button