
Көмек кімдерге көрсетіледі?
Жаңа оқу жылы қарсаңында аймақтағы әлеуметтік осал санаттағы оқушыларға көрсетілетін атаулы көмектің мөлшері өсті: биыл әлеуметтік осал санаттағы оқушыларға 46 228 теңге көлеміндегі қаржылай қолдау көрсетіледі.
– Аталған көмек ел Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына сәйкес жалпыға міндетті білім беру қорынан бөлінеді. Қаржы ата-аналар мен олардың заңды өкілдерінің есепшоттарына тікелей аударылады. Былтыр облыс бойынша 20 619 балаға қаржылай көмек көрсетілген. Биыл да осы бағыттағы жұмыстар жалғасады. «Мектепке жол» акциясы аясында көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету үшін жергілікті өндіріс орындары мен еріктілер тартылмақ,- деді облыстық білім беру басқармасының өкілі Қадыржан Сапаров.
Өткен жылы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында 1226 балаға жергілікті кәсіпкерлер мен қоғамдық ұйымдардың қолдауымен қосымша материалдық көмек берілген еді.
Өз тілшіміз