Жарнама
Жаңалықтар

Коллекторлар: аңыздарды жоққа шығарамыз

Коллекторлар жөнінде қалыптасқан түсініктер көп. Fingramota.kz мұндай түсініктерді Қазақстанның Ұлттық коллекторлар палатасының төрайымы Назгүл Естеусізовамен бірлесіп тарқатып береді.
Коллекторлар қарыз алушылармен қалайша жұмыс істеулері қажет, қандай іс-әрекеттерге рұқсат берілген, нелерге берілмеген – бұл сұрақтардың барлығына жауаптарды біздің Instagram-аккаунтымызда тікелей эфире таба аласыздар.

Аңыз №1. Кредиторлар төлем мерзімін өткізу пайда болысымен бірден коллекторларға жүгінеді

Шын мәнінде кредиторлар – банктер немесе микроқаржы ұйымдары төлем мерзімін өткізу пайда болған сәттен бастап 20 күн ішінде қарыз алушыны бұл туралы хабардар етеді. Ол Қазақстанда 2021 жылғы 1 қазаннан бастап қолданылатын азаматтардың қарыздар мен микрокредиттері бойынша проблемалық берешегін реттеу тәртібіне сәйкес талап етіледі.  Хабарламада кредиторлар қарыз алушыға қарызды қайта құрылымдауға өтініш беру құқығы жөнінде хабарлайды, алайда қарыз алушы оны мерзімін өткізу пайда болғаннан 30 күн ішінде жасауға тиіс.

Егер қарыз алушы ешқандай әрекет жасамаса, онда кредиторлар 90+ күн мерзімі өткен берешек пайда болғанда қарыз алушының қарыздарын, оның ішінде банктік қарыз немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттерін қоса бере отырып,  коллекторлық агенттікке сатуға құқылы. Немесе кредитор коллекторға сотқа дейін өндіріп алуға немесе берешекті реттеуге, сондай-ақ берешекпен байланысты ақпарат жинауға шартты уақытша бере алады.

Коллекторлық қызмет берешекті сотқа дейін реттеу тәртібі негізінде жүзеге асырылады. Аталған тәртіпке, коллекторлық қызмет туралы заңда айқындалған регламентке және қағидаларға сәйкес, коллектор борышкерді берешектің болуы, оны реттеу қажеттілігі және берешекті өтемеген жағдайда оның салдары жөнінде хабардар етуге тиіс.

Аңыз №2. Коллекторлармен іс-әрекеттесу міндетті емес

Шын мәнінде борышкерлер коллекторлармен өзара іс-әрекеттестік жасамауға құқығы жоқ, алайда үшінші адамдар заң бойынша олармен өзара іс-әрекеттесуден бас тарта алады. Коллектор, егер борышкермен байланысу және оның орналасқан жерін немесе борышкердің байланыс деректерін анықтау мүмкін болмаса, борышкердің туысқандарына және таныстарына телефон соғуы мүмкін. Алайда, мұндай талап қарыз алушымен жасалған банктік қарыз (микрокредит) шартында көрсетілуге тиіс.

Сол себепті, қарыздары коллекторларға берілген азаматтар заң бойынша тұрғылықты жерінің (заңды мекенжайы), телефон нөмірінің, жеке басын куәландыратын құжаттарын ауыстырғаны (қолданыс мерзімі аяқталған, жоғалтқан жағдайда) туралы коллекторлық агенттікті хабардар етуге міндетті екендерін естен шығармауға тиіс.

Борышкерлер, өз кезегінде, коллекторлармен мына тәсілдердің бірін қолдану арқылы өзара іс-қимыл жасайды: жеке кездесулер, телефон арқылы келіссөздер, жазбаша немесе пошта хабарламалары, ұялы байланыс арқылы хабарламалардың барлық түрлері, интернет арқылы.

Бұл ретте, қарыз алушылар коллекторлық агенттіктің қызметкерлерімен өзара іс-қимыл процесін аудио-немесе бейнетехника құралдарының көмегі арқылы дербес тіркеуге құқылы.

Аңыз №3. Коллектор кез келген уақытта қоңырау шалып, келе алады

Шын мәнінде коллекторлық агенттік өз тарапынан телефон арқылы келіссөздерді жұмыс күндері сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін үш реттен артық жасамауға тиіс. Коллекторлардың бөгде телефон нөмірлерінен қоңырау шалуына болмайды. Коллекторлық агенттіктердің борышкерлермен байланыс жүргізетін барлық телефон нөмірлері ресми түрде тіркелуге тиіс әрі  коллекторлық агенттіктер бұл жайында қаржы реттеушісін хабардар етеді.

Қарыз алушының тұрғылықты немесе тіркелген жері бойынша не коллекторлық агенттіктің (филиалдың, өкілдіктің) үй-жайында өткізілетін жеке кездесулер жұмыс күндері сағат 8.00-21.00 аралығында аптасына үш реттен артық болмауға тиіс.

Аңыз №4. Коллектор борышкердің мүлкін алып қоюы мүмкін

Шын мәнінде, мүлікті алып қою құқығы коллекторға емес, жеке сот орындаушысына тиесілі. Коллектордың борышкерден мүлікті алып қалу, оның шоттарына тыйым салу, қарыз алушыны борышкерлер тізіліміне енгізу, шетелге шығуға шектеулер қою, жүргізуші куәлігінің қолданысын тоқтату құқығы жоқ. Борышкердің мүлкі тек сот шешімімен ғана алынуы мүмкін.

  Осылайша, коллектор мерзімі өткен берешектің бар екені және оны сотқа дейін реттеу қажеттілігі туралы ғана хабарлайды. Сот талқылауы болған жағдайда борышкердің шығыстары бірнеше есе артуы мүмкін (сот шығыстары, мемлекеттік баждар, жеке сот орындаушыларының көрсеткен қызметтері үшін шығыстар және т.б.).

Аңыз №5. Коллектор кредиттер бойынша мерзімі өткен берешекті өтеуге көмектеспейді

Шын мәнінде, коллекторлар борышкерлерге қарыздар мен микрокредиттер бойынша мерзімі өткен берешекті өтеу тәсілі мен мерзімдерін анықтауға көмектеседі. Коллекторлық агенттіктер проблемалық берешекті өтеген кезде, олар өз қалауы бойынша белгілі бір борышкерлерге пайыздар мен өсімпұлдарды есептен шығаратыны жайында жариялауы мүмкін.

 Берешекті реттеудің сотқа дейінгі тәртібінің ерекшеліктері борышкерге оның мерзімі өткен берешегі коллекторлық агенттіктің жұмысында екендігі туралы ақпаратты алған сәттен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде кредит шартының талаптарын өзгерту туралы жазбаша өтінішпен коллекторларға жүгіну қажет.

Өтініште берешектің пайда болу себептері, осы өтінішке себеп болған расталған мән-жайлар мен фактілер туралы мәліметтерді ашу қажет. Сондай-ақ, білімі, кірістері және шығыстарының деңгейі, отбасының құрамы, тұрғылықты жері, мүлкінің болуы және кредиторға қажетті басқа да мәліметтер туралы шынайы ақпарат беру қажет.

Коллекторлық агенттік борышкердің жазбаша өтінішін алғаннан кейін оны кредиторға күнтізбелік 10 күн ішінде жіберуге міндетті. Кредитор банктік қарыз шартын немесе микрокредит беру туралы шартты өзгертудің ұсынылған талаптарын күнтізбелік 15 күн ішінде қарайды және коллекторлық агенттікке жазбаша нысанда мыналар:

— келісім туралы;

— кредит шартының талаптарын өзгерту бойынша өз ұсыныстары туралы;

— себептерін көрсете отырып, өзгертуден бас тарту туралы хабарлайды.

Коллектор кредитор қабылдаған шешімді алғаннан кейін 10 күнтізбелік күн ішінде борышкерге хабарлауға тиіс.

Коллекторлық агенттіктермен даулы және шиеленіскен мәселелер туындаған жағдайда азаматтар Қазақстанның Ұлттық коллекторлар палатасының https://stop-collector.kz/ сайтына өтінім қалдыра алады, +7707 573 00 00 телефон нөмірі бойынша хабарласа алады немесе +7776 508 33 00 телефон нөмірі бойынша Қазақстан коллекторлар қауымдастығына жүгіне алады.

      Қарыз алушылар коллекторлық агенттіктердің қолданыстағы заңнаманы сақтауын тексеру және өз құқықтарын қорғау үшін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне өтінішпен:

— жазбаша нысанда: А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 ш/а, 21-үй;

— egov.kz электрондық үкімет порталы, «e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы;

— Агенттіктің өңірлік өкілдерінің басқармасы (тұрғылықты жері бойынша) арқылы жүгіне алады.

   Қосымша консультацияларды Агенттікің call-орталығының «1459» қысқа нөмірі немесе «Fingramota Оnline» мобильді қосымшасы арқылы алуға болады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button