Көлік өрті өршіп тұр
Атырау қаласында жыл басталғалы 25 автокөліктегі өрт тіркеліп отыр. Автокөліктердің өртенуінің негізгі себептері:
• Электр сымдарының қысқаша тұйықталуы.
• Автокөлік салонында темекі шегу.
• Смартфон немесе поуэрбанк құрылғысының қатты қызуының салдарынан.
• Бөтелкедегі су әсіресе әйнек-шыны бөтелкедегі су күн сәулесін бір нүктеде жанғыш затқа бағыттап автокөліктің өртенуіне алып келеді.
• Электр-газбен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудан автокөліктегі өрт оқиғасы орын алады.
Атырау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы автокөлік иелеріне мынандай кеңес береді:
• Көлікті толық техникалық жарамдылықта ұстаңыз;
• Тек жоспарлы ғана емес, сонымен қатар күнделікті техникалық тексерулерді жүргізіңіз:
• Автокөліктегі өрт сөндіргіштің жарамдылығын тексеріңіз;
Егер қозғалыс кезінде автокөлігіңізде өрт оқиғасы орын алса, келесі тәртіп ережелерін сақтаңыз:
1. Көлікті тоқтатыңыз.
2. Қозғалтқышты өшіріңіз.
3. Сорғыштың құлпын босатыңыз,бірақ сорғышты ашпаңыз.
4. Барлық жолаушыларды қауіпсіз аймаққа шығарыңыз.
5. 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалып, өрт сөндірушілерді шақырыңыз.
6. Егер бұл қауіпті болмаса, машинада бар өрт сөндіргішті пайдалануға тырысыңыз.
Өрт сөндіру кезінде қозғалтқыш бөлігінде суды пайдаланбаңыз, себебі бұл электр өткізгіштің қысқа тұйықталуына немесе жанып жатқан бензиннің таралуына және жану алаңының ұлғаюына әкелуі мүмкін.
Құрметті қала тұрғындарымен қонақтары Атырау қаласы ТЖБ автокөліктегі өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады!!!
Қ.ШӘКІРОВ