Көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны басталды
Бүгін Атырау облысы әкімнің орынбасары Қайрат Нұртаевтың төрағалығымен көктемгі әскерге шақыру науқаны бойынша жиын өтті, деп хабарлайды, Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жиынға Атырау облысы бойынша шекара қызметі департаментінің басшысы, қала әкімінің орынбасары, 55/46 әскери бөлімі, Қорғаныс істер жөніндегі департаменті, Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасының басшылары қатысты. Отырыста көктемгі әскерге шақыру науқанына дайындық жұмыстары пысықталды. Бүгінде сарбаздарды әскерге шақыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл облыс бойынша алдын ала берілген жүктеме 641 адам. Оның ішінде Қарулы Күштерге -255, Шекара қызметіне -131, Ұлттық ұланға -237,Төтенше жағдай министрлігіне -16, Мемлекеттік қызмет күзетіне -2. Қазіргі таңда шекара қызметі қатарына мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары жүргізілуде.
— Шекара қызметі қатарына тағайындалған әскерге шақырылушылар Атырау қаласында орналасқан әскери бөлімдерде мерзімді әскери қызметін атқарады. Сарбаздың қалауы бойынша 6 айдан кейін сол әскери бөлімде келісімшарт бойынша әскери қызмет атқаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жұмыспен қамтамасыз етіледі. Бұған қоса, мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтар құқық қорғау органдарына орналасар кезінде арнайы бекітілген тесттерді тапсырмай-ақ құқық қорғау органдарына жұмысқа орналаса алады,-деді Қ.Нұртаев.
Жалпы Қорғаныс министрлігі Ғылым және жоғары білім министрлігімен, өңірілерінде орналасқан 40-қа жуық жетекші ЖОО бірлесіп, мерзімді әскер қызмет өткеруге ынталандыру бойынша бірлескен жобаны жүзеге асыру басталды.
Аталған жоба аясында мыналар қарастырылған:
1) мерзімді әскери қызмет өткерген барлық азаматтарға, ҰБТ-ны есепке алмай ақылы негізде ЖОО- на түсуге мүмкіндік беру;
2) жауынгерлік, тәрбие және идеологиялық даярлықта жоғарғы көрсеткіш мерзімді әскери қызметшілерге ЖОО-ның гранты есебінен тегін жоғарғы білім алуға, сонымен қоса ҰБТ-ны есепке алмай ҚР ҚМ әскери оқу орындарына түсуге мүмкіндік беру;
3) мерзімді әскери қызмет өткерген барлық азаматтарға, ЖОО әскери кафедрасына гранттық негізде емтихансыз түсуге құқық беру;
4) мерзімді әскери қызмет өткерген әскери қызметшілердің балаларына емтихансыз әскери оқу орындарына түсуге және ЖОО-ның грантын алуда басымдық беру;
Бұдан өзге, мерзімді әскери қызмет өткерген сарбаздарға арналған білім беру жеңілдіктері қарастырылған.Атап айтсақ, мерзімді әскери қызмет өткергеннен кейін 2 жыл ішінде,ҰБТ-ны есепке алмай,әңгімелесу нәтижесі бойынша ақылы негізде ЖОО-ға оқуға түсуі.Лайықты әскери қызметшілер үшін ЖОО есебінен тегін жоғары білім алуы, әрі емтихансыз грант негізінде ЖОО-ның әскери кафедрасына офицер атағын алу үшін түсуге мүмкіндік алады, сонымен қатар әскери қызметшілер үшін емтихансыз және ҰБТ-ны есепке алмай ҚР ҚМ әскери оқу орындарына түсе алады. Айта кетейік, әскерге шақыру науқаны 1 наурызда басталып, 30 маусымға дейін жалғасады. Төрт ай ішінде Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын 18-27 жас аралығындағы жасөспірімдер толықтырады.