Жарнама
Жаңалықтар

«Көктем-2025»: Атырауда облыстық «Жайдарман» фестивалі өтті

Облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен көпшіліктің асыға күтетін дәстүрлі «Көктем-2025» «Жайдарман» фестивалі жоғары деңгейде өтті. Көңілді кешке жас ерекшеліктері әртүрлі 10 құрама қатысып, көрерменге күлкі мен ой салар өнер көрсетті.

Олардың қатарында Исатай ауданы, Хамит Ерғалиев ауылы, 2024 жылғы «Премьер лига» чемпиондары — «Әжесінің балалары», Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылы — «Сағыз дубль»,
Атырау қаласы, Водник ауылы, №50 мектеп — «50 cent», Атырау қаласы — «Авангард», Мақат ауданы — «Мақат вайб», Құрманғазы ауданы, Теңіз ауылы, 2024 жылғы финалисттер — «Теңіз Жастар» секілді басқа да командалар бар.

Әрбір құрама сахнада өз ерекшеліктерімен көрініп, заманауи қоғамдағы өзекті мәселелерді қағытпа қалжыңмен, әсерлі ирониямен жеткізе білді. Көпшілік әсіресе, «Мақат вайб» қыздар құрамасының батылдығына ерекше қолдау білдірді. Алғаш рет үлкен сахнаға шыққан қыздар өнерімен көрерменді тәнті етіп, тәжірибелі құрамалармен тең өнер көрсетті.

Кеш соңында 2025 жылғы «Көктем» кубогі өз өнерімен дараланған «Теңіз Жастар» құрамасына табысталды.

Жайдарман — тек әзіл емес, ол — ой мен ойландырудың сахнасы. Ал Атырау жастары бұл алаңда өздерінің деңгейі биік, әзілдері салмақты екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Нұрлыгүл ДОСТАНОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button