КӨК БАЙРАҒЫМЫЗ КӨКТЕ ЖЕЛБІРЕДІ

Жаңалықтар

«Тәуелсіздігіміздің тірегі, еліміздің жүрегі Астанамызға биыл 16 жыл толады. Осындай тарихтағы қас-қағым уақытта зор жетістіктерге жеттік. Болашақты бағдарлап, Есілдің бойында ел қондырған еңбегіміз ақталды. Астана татулық пен тұрақтылықтың құтты ордасына айналды. Қазір Елорда Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық үрдістің бесігі болып отыр. Бұл – ел тарихына, Астана жылнамасына жазылатын өте белгілі оқиға. Елорда мерекесі қарсаңында Мемлекеттік Туымызды көтеру рәсімі – біз үшін осындай табыстың бірі», – деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда, Президент Астана күні қарсаңында қала аспанында қыран бейнелі байрағымызды көтеру дәстүрге айналғандығын қадап айтты.

«Көкте желбіреген көк байрағымыз мерейімізді асырып, рухымызды биіктететін киелі рәмізіміз болып саналады. Ал, Қазақстанды кемел келешекке бастаған Астана – біздің қастерлі бойтұмарымыз. Әр уақытта байрақ, ту елдің қолына ұстайтын, қарулы күштердің паналайтын, бағалайтын елдіктің рәмізі болып саналады», – деді Елбасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған