Жарнама
Жаңалықтар

«Көйлектігер» келді деп…

Исі мұсылман жұртын қуантып жететін Рамазан айының алғашқы күні Руслан Ақтөриев пен Дана Қаржаубайдың шаңырағында кестетігер сәби дүниеге келді. Ерлі-зайыпты ұстаздар Атырау қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы №9 орта мектепте жұмыс істеп жүріп танысқан. Одан әрі сөз байласқан жарасымды жұптың үйлену тойы былтырғы сәуірде өтіпті.

Руслан осы мектепте дене тәрбиесі пәнінен сабақ беріп жүргеніне сегіз жылдан асса, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Дананың еңбек өтілі одан гөрі аздау. Өйткені, жарасымды жұптың жас айырмашылығы – аттай он жас. Көптің тілегі қабыл болған шығар, қос ұстаздың алғашқы қуанышы болған Айзеренің есімін Русланның өзі қойыпты. Бала Абайдың дана Абай атануында өлшеусіз үлесі бар Зере әжесіндей болсын деп ырымдапты. Нәрестенің туғандағы салмағы 4,2 килограмм, бойы 58 сантиметр болған.

whatsapp image 2024 03 15 at 11.02.04

– Тұңғыш перзентіміз болған соң қуанышым қойныма сыймай тұр. Әкем Боранбайдың дүниеден озғанына үш жыл болды. Әкем көрмеген қызықты әжесі көрсе екен деп тілеймін. Дүйсенбі күні 11 сағат 40 минут шамасында Дананың жеңгесі сүйінші сұрап хабарласты. Жұмыста жүрген жерімнен үйге барып келдім. Анамның қуанышында шек жоқ. Айзере Рамазан айының алғашқы күнінде дүниеге келіп, мерейімізді одан әрі асырып жатыр. Тіпті әне-міне босанады деп Дана перзентханаға екі рет барып қайтқан еді, сәтін салған күн осы болды, – дейді Руслан жүрегі жарыла қуанып.

Жетпістен асқанда көрген тұңғыш немересін қарсы алуға Жеміс әжей де ерекше дайындалды.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button