Жаңалықтар

КӨТЕРМЕ-ТАРАТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бұл өңірдегі азық-түлік және басқа да тауарларды сақтауға, тұтынушыларға ұсынуға арналған облыстағы ірі сауда орталығы. Ғимараттың аумағы 5400 шаршы метрді құрайды. Ол 3 теміржол тармағы жалғанған және бір мезетте 5 жүк көлігін, 10 темір жол вагонын қабылдай алады.

Өз жұмысын жаңадан бастаған орталық алдағы уақытта ғимарат ішіне 7-8 қатарлы сөрелер орналастырып, азық-түлік тауарларының барлық түрін қамтуды жоспарлауда және орталық басшысы Б. Жолмухановтың айтуынша, келесі жылы қойма жанынан осындай үлгіде тағы бір нысан салуды мақсат етіп отыр.

10669dfb bf67 4b9f 8447 1c55eabc736e

Аталған жоба толықтай жұмыс күшіне қосылғаннан кейін өңірдегі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға және қолжетімді бағамен тұтынушыларға ұсынуға өз үлесін қосатын болады.

Орталықтың жұмысымен танысқан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Полымбет Хасанов кәсіпкердің жұмысына сәттілік тілеп, мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаулар өз жалғасын табатындығын атап өтті.

Айта кетейік, аталған орталық Атырау облысында биыл жүзеге асатын инвестициялық жобалардың бірі. Орталық — Атырау қаласының Гурьевснаб көшесі, №130 мекен-жайында орналасқан.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button