Қоғамдық кеңестің міндеті қандай?
«ҚР Қоғамдық кеңестер туралы» жаңа заңды қабылдау нендей қажеттіліктен туындады? Тиімділігі неде? – Облыс әкімі жанындағы қоғамдық кеңес пен «Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы» бірлестігі ұйымдастырған семинар аталмыш заң ережелерін түсіндіруге арналды.
Азаматтық институтты дамытудағы заң мүмкіндіктері баса айтылған семинар жұмысына облыстың, Атырау қаласының, аудандық қоғамдық кеңестер төрағалары мен мүшелері қатысты. Қоғамдық кеңес жұмысы халықтың мемлекеттік органдармен қарым-қатынасын оңайлатуға және бұқараны сапалы қызметпен қамтамасыз етуге бағытталған. Оған тұрғындар тарапынан түрлі арыз-шағымдар да түсіп жатады. Бұл туралы облыс әкімі жанындағы қоғамдық кеңес төрағасы Мұрат Өтешов атап айтты. Дегенмен, қоғамдық кеңестің негізгі міндеттеріне – сыбайлас жемқорлықпен күрес, халыққа қызмет көрсету кезінде мемлекетпен және азаматтық қоғаммен байланысты қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалармен, үшінші сектормен өзара іс-қимыл, азаматтық қоғамның ұсыныстарын талдау да жатады.
Толық нұсқасын газеттен оқи аласыз.