Жарнама
Жаңалықтар

Кішкене Кәусарға көмек керек!

Ізгілік іздері

«Баламның табанына кірген тікен, менің маңдайыма қадалсын» дейтін халықпыз. Десек те, кейде өміріміз өзіміз қалағандай бола бермейді. Соңғы жылдары балалар арасында сырқаттың ауыр түрлерінің көбейіп кеткенін күнделікті өмірден де, мамандардан да естіп, біліп жүрміз.
Солардың ішінде сирек кездесетін ауру түріне шалдыққан сәбидің бірі екі жасар – құрманғазылық Кәусар. Отбасында әжесі мен ата-анасының жанында алаңсыз ойнап-күліп жүрген бала аяқ аястынан әлсіреп, құсып, аяғын баса алмай, сырқаттанып қалады. Бала жағдайының мәз еместігін аңғарған ата-анасы оны дереу дәрігерге көрсетті. Алайда, дәрігердің қойған диагнозы жақсы емес еді. Олар томографиялық тексерулер арқылы баланың басында ісік барын анықтап (Объемное образование задней черепной ямки. Окклюзионная компенсированная тривентрикулярная гидроцефалия), дереу ота жасату қажеттігін айтады. «Қызымның сырқатқа шалдыққанын осы наурыз айында ғана білдік. Бұрын оның көңіл-күйі жақсы, еш ауру белгілері байқалмайтын. Облыстық балалар ауруханасында мамыр айының алтысында ота жасап, басына жиналған суды шығаратын шунт орнатты. Екі айдан кейін Алматы қаласына химиялық курсқа бардық. Бұл курстан екі жыл ішінде 36 рет өтуіміз керек екен. Алайда, кішкене бала бір химияның өзінен әлсіреп қалды. Қазір бала үйде, көзі көрмейді, біздің демеуімізбен ғана аяғын баса алады. Уақыт өткізбей, ісікке ота жасату қажет. Қызыма Астана қаласының дәрігерлері де ота жасаудан бас тартты» дейді кішкене Кәусардың әкесі Руслан.
Баланы көршілес Ресейдің Астрахан облысына да апарып қаратқан. Ресейлік дәрігерлер Кәусарды Мәскеудегі танымал «Бурденко» клиникасына апарып, ота жасатуға кеңес береді. Ата-ананың ендігі үміті сол жер.
Жолға кететін шығынды қоспағанда, күрделі отаның өзіне 1 млн. рубль көлемінде қаражат қажет. Қарапайым ғана тұратын жас отбасы үшін бұл ақшаны табу оңай болмай отыр.
Жағдайға қаныққан Шымкент қаласының тұрғындары көмек қолын созу мақсатында арнайы қор ашыпты. Руслан енді облыс тұрғындарынан көмек сұрайды. Себебі, күн санап көз алдында семіп бара жатқан баласына қарау кімге болсын оңай тимесі анық.
Айтып келетін ауру жоқ. Аяқ астынан ауруға тап бол-ған кішкене Кәусарға көмектесем деушілер болса, Руслан Камаловқа хабарласуын сұраймыз. Себебі, балаға шұғыл түрде күрделі ота қажет. Көп болып қол ұшымызды созсақ, сәбидің сауығып, өзге балалардай алаңсыз өмір сүруіне септігіміз тиер бәлкім.

Халық банк: KZ 4402 5775 0017 7541,
Ұялы телефон нөмірі: 8775 156 02 15,
Камалов Руслан Сүндетұлы.

Автор: Мәлике МӘЛІК.

P.S. Аталған мәселеге орай «Атырау-Ақпарат» ЖШС-на қарасты облыстық «Атырау», «Прикаспийская коммуна» және барлық аудандық газет ұжымдары бір күндік жалақыларын аударуды ұй-ғарды..

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button