Атырау МӨЗ бұрынғы бас директоры ақталып шықты

ustanovka kataliticheskogo krekinga r2r anpz dekabr 2017 kopiya Жаңалықтар

Атыраудағы №2 сотта мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры мен департамент директорына қатысты ақтау үкімі шықты.

«Сотталушыларға 2019-2020 жылдары АМӨЗ-де «Мұнайды терең өңдеу кешенін» салу кезінде ЖШС жарғысының және регламенттелген шарттың талаптарын бұза отырып, мердігерден жеткізілген ақаулы құрылғының құнын талап ету жөнінде шаралар қолданбағаны немесе мердігердің кепілдік міндеттемелері бойынша осы құрылғыларды ауыстыруды талап етпегені үшін айып тағылған. Осылайша, тергеу пікірі бойынша мемлекетке 2,9 млрд теңгеден астам залал келтірілген. Сот кешен құрылысын салу кезінде жұмыс көлемінің ұлғайғанын анықтады. Мердігерлер қосымша шығындарға ұшыраған. Бұл мемлекеттік сараптамалардың қорытындыларымен расталды. Осыған байланысты тараптар қосымша шарттар жасасып, оған сәйкес кепілдік көрсеткіштерге қол жеткізілмеген және анықталған ақаулар үшін мердігерлерден сомалар ұсталды. Бұдан басқа, «ҚазМұнайГаз» АҚ және «АМӨЗ» ЖШС кешенді салу кезінде оларға залал келтірілмегені туралы анықтама берді», деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сот айыпталушылардың әрекеттерінде тағылған қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты оларды барлық эпизодтар бойынша кінәсіз деп таныды. Сондай-ақ, сотталушылардың қылмыстық іс жүргізуші орган әрекеттерінен келтірілген заңсыз қылмыстық қудалау үшін зиянды өндіру құқығын таныды.

Азаматтық талап қараусыз қалдырылды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз