Жаңалықтар
«Кең Жылыойлықтар» жаңа ғимаратқа көшті
Сәуір айының бесінде Құлсары қаласындағы су тасқыны салдарынан аудандық «Кең Жылыой» қоғамдық-саяси газеті редакциясының ғимараты тасқын судың астында қалған еді. Тұрғындарды әбігерге салған қарғын судан редакциядағы құрал-жабдықтардың сау-тамтығы қалмаған. Содан бері қиындыққа қарамастан үздіксіз газет шығарып, онлайн жұмыс істеп келген әріптестердің редакциясы «Ардагер» аялдамасы тұсындағы жаңа мекенжайға (бұрынғы «Сбербанк») қоныс тепті.
Басылымның бас редакторы Ербол Қошақанов газет оқырмандары мен көпшілікке осы жағымды жаңалығымен бөлісті. Өр суымен арпалысқан әріптестер осындай қиын кезеңде де жұмыс істеп, тұшымды материал жазу керектігін дәлелдеп үлгерді. Ендеше қалам ұстаған әріптестерге сәттілік тілейміз.
Алмас ҚАБДОЛОВ