Журналистер – футбол алаңында

1 587 Жаңалықтар

А т ы р а у д а Б А Қ өк і л д е р і а р а с ы н д а қ а з а қ журналистикасының негізін салушылардың бірі, профессор Тауман Амандосов атындағы ауыспалы кубок үшін шағын футболдан жарыс өтті.

Дүбірлі додаға 5 команда қатысты. «Атырау-Ақпарат» жəне «Atyraý», «Caspian news» телеарналары, «Аудан», «Тауман» командалары қатысқан жарыста БАҚ қызметкерлері өздерін футболшы ретінде де көрсетті.

Өте тартысты өткен сайыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды «Тауман», екінші орынды «Атырау-Ақпарат» командалары, үшінші орынды «Atyraý» телеарнасының командасы жеңіп алды. Жүлдеге ие болған үш команда да қаражатын көмекке мұқтаж 9 айлық сəби Көзайым Ринатқызын емдету үшін беріп, сауапты іс жасады.

 Алтынбек ƏЛІБЕКҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз