
«Кең Жылойға» – жаңа бас редактор
Жылыой аудандық «Кең Жылой» қоғамдық-саяси газетіне жаңа бас редактор тағайындалды.
Бұған дейін аталған басылымды басқарып, жемісті еңбек еткен Ербол Қошақанов қызметінен босап, «Атырау-Ақпарат» медиахолдингі басшылығы тарапынан алғысқа ие болды.
Газеттің жаңа бас редакторы болып Жылыой ауданының тумасы Әлібек Амандықов тағайындалды.
Әлібек Аманжанұлы — білімі жоғары, 2015–2023 жылдары Жылыой аудандық мәдениет үйінде жастармен және балалармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Ал 2023 жылдан 2025 жылдың ақпанына дейін Жылыой аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы болды.
Жаңа қызметінде оған аудандық басылымның сапасын арттыру, оқырман санын көбейту, Жылыой ауданының өзекті мәселелерін көтеру және маңызды ақпараттарды жұртшылыққа дер кезінде, шынайы жеткізу міндеті жүктелді.