
Жаңалықтар
Кен орнынан алты жұмысшының денесі табылды
Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында құтқарушылар «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің алты жұмысшысының денесін тапты. Қазір олардың жеке басы анықталуда. Бұл туралы республика Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми ақпараттық ресурсы хабарлады.
Оқиғаның барлық мән-жайын зерттеу үшін тергеу амалдары жүргізілуде.
Құтқарушылар жетінші жұмысшыны іздеу жұмыстарын жалғастыруда.
Оқиға орнында аталған министрліктің күштері мен құралдары жұмыс істеуде.
А.ҚҰРМАШЕВА
Сурет: atr.kz