Кемшілікке жол жоқ!

48brifing korrupciya Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілер әдеп нормаларын сақтауы тиіс. Қазір жергілікті атқарушы органның жұмысына, іс-әрекеті мен қызметтік әдебіне тиісті бақылау жасалып отыр. Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында осы мәселелер қаралды.

48brifing_korrupciya

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Тоқтамыс Жұмағұловтың айтуынша, 11 айда түскен 57 арыз-шағымның басым бөлігі жер, сәулет және тұрғын үй қатынастары мәселесін қамтыпты.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі Ізтұрған Баймұханов облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының лауазымды тұлғасына қатысты мәселені баяндады. Яғни, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына қойылатын біліктілік талаптарына үміткер сәйкес келмеген. Алайда, техникалық кемшілікке жол берілген. Осыған орай кеңес төрағасы Тоқтамыс Жұмағұлов Махамбет ауданының персоналды басқару маманының жұмысына тексеру жүргізуді талап етті.

Бұдан кейін Атырау қаласы әкімдігіне қарасты Ақсай, Геолог және Кеңөзек ауылдық округтерінің әкімдеріне қатысты мәселе талқыланды. Прокуратура өкілдерінің айтуынша, жер учаскесіне байланысты заң бұзушылықтар өз дәлелін тауып отыр. Ал, әкімдер «шешім арнайы құрылған комиссиямен алдын-ала келісілген, біз қол қоймасақ, заң бұзғандық болып есептеледі» деген уәждерін айтты. Көпшіліктің пікірі «алдағы уақытта жер комиссиясының құрамына ауылдық округ әкімдерін де енгізу керек» дегенге тоғысты.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз