КЕМЕЛ КЕЛЕШЕККЕ – НЫҚ ҚАДАММЕН!..

Жаңалықтар

 

Бірінші кезекте салық және кедендік әкімшілендіру жөніндегі заңнамаға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізудің арқа­сында кедендік тазарту және мемлекеттік қыз­меттер көрсетудi жетiлдiру бойын­ша шаралар қабылданған болатын. Нәтижесінде, экспорттық-импорттық операциялар кезін­де кеден органдары талап ететін қажетті құжаттар тізімі қыс­қартылды. Тауарлар экспортында бұл – көліктік ілеспе жүк құжаты, коммерциялық инвойс және экспортқа арналған кедендік декларация, ал үшiншi елдерден импорттау кезінде ол тек сәйкестiк сертификаты және транзитке арналған құжат.

Импорт көлемінің төмендеуіне қарамастан, кедендік баждар мен бір көлік құралынан төленген салықтардың көлемі өсті. Кеден саласындағы тәуекелдердiң жаңа басқару жүйесінің жұмы­сы тауарларға декларациялар үлесін үштен бірге қысқартты, ТБЖ ұсынымдары бойынша жүргізілген кедендік тексерулер саны екі есеге жуық кеміді.

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне 2015 жылдың 9 айына кедендік төлемдер мен салықтарды өндірудің болжам тапсырмасы бойынша 189 миллиардтан астам теңге белгіленсе, бюджет кірісіне 241 миллиардқа жуық теңге кедендік алымдар мен баждар өндіріліп енгізілді, яғни болжам тапсырмасы 127,5% орындалды.

Атырау облысы мұнай-газ секторы болып табылғандықтан, негізінде экспортқа отын-энергетикалық тауарлар шығарылады, соның ішінде шикі мұнай және мұнай өнімдері бар. Мұнайды экспортқа шығарудан болжам бойынша 163 млрд. теңге кедендік төлемдер мен салықтар бойынша кіріс жоспарланып, бюджетке 211 млрд. теңге енгізілді, мұнай өнімдері бойынша болжам 14,5 млрд. теңге болса, өндірілгені 15,8 млрд. теңге. Тауарлар көбінесе Украина, АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Германия, Франция, Түркия, Қытай елдерінен әкелінеді.

Тауар салық салу мақсатында Қазақстан аумағына кірген кезеңнен бастап оны сатқанға дейін бақылауға алынады.  Яғни, «Постфактум» кедендік тазалау режімін енгізу қажет.  Сыртқы экономикалық қызметке қатысушы жекелеген санаттарға тауарларын жария еткенше тауарларын шығаруға мүмкіндік беріледі.

Елбасы бағдарламаларына сәйкес, Қазақстанның  отыз бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосылу міндетін шешу үшін, Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті барлық күш-жігерін жұмсауда.

Маржангүл КҮНТУАРОВА,

Атырау облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған