КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

Жаңалықтар

 

Тәуелсіз, дербес ел жағдайындағы мемлекетімізді, адами, азаматтық құқықтарымызды, билік тармақтарының өкілеттілігін бекіткен заңдылық негіз – Ата Заңымыз 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданды.

Содан бері бұл күн Президент Жарлығымен мемлекеттік мереке ретінде тойланып келеді. Конституция – кемел келешектің кепілі.

Халықта «Өткенді білмей, болашақты болжау қиын» деген нақыл сөз бар. Тарихтан тағылым алып, бүгінгіні байыптау, келер күнге байлам жасау үшін Тәуелсіздіктің бастауын, Конституция қабылданған кезді еске аламыз.

Конституциямыз бүкіл адамзат әлемінің алдыңғы қатарында дамыған демократиялық мемлекеттері ұстанатын жалпы адами құндылықтарға, өркениетті конституциялық нормаларға сүйене отырып, алдағы перспективаға негізделіп жасақталды.

Құрметті жерлестер!

Конституция – азаматтардың құқықтарының қорғалуымен, ең бастысы, заңдылықтың елде қоғам тыныштығын қамтамасыз етуге қабілеттілігімен құнды.

Бізде осындай адам бостандығы мен құқықтарына негізделген Конституциялық кеңістік қалыптасқан, елдің дамуына толық жағдай жасалған деп айта аламыз.

Бұл – тәуелсіздіктің жемісі, егемендіктің еншісі, Ата Заңның арқасы, игіліктің көрінісі.

Ендеше, Конституция – Ата Заңымыз өрнектеген биік мақсат – ұлы істер аршындап, егемендігіміздің тұғыры барған сайын беки түскей, ағайын!

Мереке құтты болсын!

Ізгі ниетпен,

Атырау қаласының әкімі Н.Ожаев.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған