Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

Келісім күні

Рухани келісім күніне орай, облыс орталығындағы Құрманғазы мәдениет үйінде салтанатты шара болып өтті.

img_9903

Көп ұлтты елімізде қалыптасқан бейбітшілік бастауы да осы рухани тұрақтылық мәселесінде жатыр. Шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев те өз сөзінде қоғамдық-саяси тұрақтылықтың мәні мен маңызына көбірек тоқталды.

img_9944

Одан соң рухани келісімді, қоғамдық тұрақтылықты қалыптастыруға үлес қосып жүрген бір топ сала мамандарына облыс әкімінің алғыс хатын табыс етті. Марапатталғандардың арасында Атырау облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Әсия Қыстаубаева, «Тхониль» корей этномәдени бірлестігінің жетекшісі Людмила Ли, «Довира» украин этномәдени орталығының басшысы Ольга Павленко, дін, құқық қорғау саласының өкілдері, еңбек ардагерлері және аймақтың бас басылымы — «Атырау» газетінің қоғамдық-саяси бөлім меңгерушісі Баян Жанұзақова да бар. Салтанатты жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

img_9933

Айта кеткен жөн, рухани келісім күні елімізде осымен 24-ші мәрте атап өтілуде. Дін істері басқармасының Ақпараттық талдау орталығы ұйымдастырған шараға облыстық басқарма басшылары, дін саласының өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен студент-жастар қатынасты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button