Кекушенкайдан қалалық турнир өтуде (ФОТО, ВИДЕО)
Бүгін Атырау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Конституциясы күніне орай Каратэ кекушенкайдан қалалық турнир басталды.
Жекпе-жекте он сегіз салмақ санаты бойынша 120 қатысушы бағын сынауда. Алғашқы жарысты төрттен бастап 9 жас аралығындағы жас спортшылар бастап берді. Татамиге шыққан спортшылардың бұл – алғашқы жарысы. Сондықтан бірден мықтыны анықтау жарыс төрешілеріне де оңай болмайтыны анық. Жүзден астам қатысушының арасынан он сегіз чемпион анықталады деп күтілуде.
Алғашқы жекпе-жектің қорытындысы бойынша 4-5, 6-7, 8-9 жас аралығындағы салмақ дәрежесі бойынша сынға түскен мықтылардың арасында Мәди Маxметов, Исмайл Иманғазиев, Айдар Маxметтің бағы жанып алғашқы үштікті бағындырды. Жарыс әлі жалғасуда.
Нұргүл ЫСМАҒҰЛ