Кей мамандықтардың 45 пайызы жойылады
Бұл туралы Атырауда өткен «Болашақ SDG» клубының алғашқы отырысында «Болашақ» бағдарламасының түлегі Арын Орсариев айтты» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
«Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы Арын Орсариевтің айтуынша, еңбек нарығының әрдайым өзгеріске ұшырап отыруы заңдылық.
» Дубайда кейбір қызмет түрлері адамдардың қатысуынсыз-ақ жүзеге асады. Айталық, жүргізушісіз такси Дубай сынды дамыған ел үшін қалыпты жағдай. Ғалымдардың пайымдауынша, алдағы уақытта кейбір мамандықтардың 45%-ы жойылады. Сондықтан да біз кез келген жағдайға әзір болуымыз керек. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында Astana Hub жанынан ашылған «Alem» мектебі бар. Онда балалар мұғалімсіз-ақ білім алуда. Яғни, олар өздері ізденеді. Оқушы өз білімімен белгілі бір жоғары деңгейге жетуі тиіс. Бұл болашақтың бағыты» деп атап өтті спикер Арын Орсариев.