Жарнама
Жаңалықтар

Қазыналы ауданның қарышты қадамы

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың жаңа қызметке тағайындалғаннан кейінгі алғашқы жұмыс сапары қазыналы аймақ – Жылыой өңірінен басталды. Аймақ басшысының екі күндік жұмыс сапарының мақсаты – ауданның бүгінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-жапсарымен, шағын және орта кәсіпкерлік құрылымдарының жұмысымен, Үкіметтің моноқалаларды дамыту бағдарламасына сәйкес тындырылып жатқан шаруаларымен, индустрияландыру бағытындағы жаңа жобалардың жүзеге асырылу қарқынымен, халықтың жұмыспен қамтылу деңгейімен танысу болатын.


 

Барлық салада өсім бар

Жылыойлықтар өткен жылды біркелкі табыстармен қорытындылап, Тәуел-сіздіктің 25 жылдығы аталып өтілетін мерекелі жылдың алғашқы айларын да қарқынды бастады. Өнеркәсіп өндірісі мен ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің көлемі былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғандағыдан барлық көрсеткіштер бойынша өсімді қамтамасыз етіп отыр. Сондай-ақ, негізгі капиталға инвестиция тарту, бюджеттік түсім, кәсіпкерлікті дамыту, еңбек нарығындағы көрсеткіштер деңгейі де біраз ілгерілеген.

Аймақ басшысы Нұрлан Асқарұлы алдымен, 2013 жылы іске қосылып, жобалық қуаты бойынша 30 млн. дана жұмыртқа өндіруге қауқарлы «Атырау–Сауда» ЖШС-нің құс фабрикасының жұмысымен танысты. Фабрика жергілікті 55 адамды жұмысқа алып, халықты арзан әрі сапалы жұмыртқамен қамтамасыз етіп отыр. Қазір мұнда Свердловск қаласынан әкелінген 53 мың балапан құс өсірушілердің ерекше күтіміне алынған.

Бағытжан Жұмат, Суреттерді түсірген: Әнуар Әбілғазиев.

Толығырақ газеттен оқи аласыз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button