ҚАЗЫНА ҚАРЖЫСЫНА – ҚЫРАҒЫ БАҚЫЛАУ
Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында көрсетілгендей, бюджет қаржысы ысырап болмай, тиімді жұмсалуы тиіс. Қазіргі таңда Үкімет тарапынан бюджет қаржысының тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру бойынша сәйкес заңдылықтар қабылданып, қаржыларды жұмсаудың тиімділігіне бағалау жүргізіліп келеді, яғни уақыт өте қаржылар өз жүйесін табатын болады.
Облыс бюджетінің ағымдағы жылдың тоғыз айындағы игерілу қорытындыларына тоқталсақ, шығыстар 112,8 млрд. теңге көлемінде жоспарланып, 112,0 млрд. теңге, яғни, 99,2% игерілген. Оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету, спорт, мәдениет және ақпараттық кеңістік салалары, яғни тұтастай әлеуметтік сала шығыстарының үлесі-40 897,5 млн. теңге.
Сол секілді «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қаржының игерілу көрсеткіші — 91,6%, «Бизнестің жол картасы-2020» бойынша – 98,3%, «Сумен қамту жүйесін дамыту» – 99,1%, «Өңірлерді дамыту» — 82,9%, «Моноқалаларды дамыту» — 91,2%. Ал, «Тұрғын үйлер құрылысы» бағдарламасының қаржысы 100 пайыз игерілген.
Шынар Елеусінова,
Атырау облысы Қаржы басқармасы
басшысының орынбасары.