Жаңалықтар
ҚАЗЫ АЙНАЛДЫРАТЫН КОМБИНАТ
Шұжықтың ондаған түрін шығаратын «Silla» ет өңдеу комбинатындағы жұмыс бір сәтке де тоқтаған емес. Мұнда айына 180 тонна ет өнімдері шығарылады. Тауық, сиыр етінен өзге жылқы етінен қазы айналдырылады.
Отандық өнімнің бұл түріне сұраныс жоғары. Әсіресе, ұлттық мерекелерде сатып алушылар қатары еселенеді. Ақтөбедегі «Silla» ет өңдеу комбинатының жұмысы көпшіліктің көңілінен шығуда. Оның өнімдері қазір қаланың ғана емес, облыс тұрғындарының сынынан сүрінбей өтіп, күнделікті тұтынатын тауарларына айналған. Сапалы өнімнің сұранысы жоғары болғандықтан, 900-ден астам дүкен, супермаркеттердің сөресінен осы комбинаттың шұжықтарын көруге болады.