Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Қазақстанның Бас қаласын Елбасының атымен атау ұсынылды

Atr.kz/20 наурыз, 2019 жыл. Бүгіннен бастап Президент міндетін уақытша атқаруға кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының атауын Нұрсұлтан деп өзгерту туралы ұсыныс жасады.

«Біздің ұлы замандасымыздың, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімін келесі жолдармен мәңгі есте қалдыру дұрыс деп санаймын. Біздің астана Президентіміздің есімімен Нұрсұлтан деп аталуы керек. Мұндай ұсыныстар бұрын, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы тұсында да парламентерийлермен, Парламент депуттарымен айтылған болатын. Бұдан бөлек, біздің елордада Тұңғыш Президенттің құрметіне монумент орнатуды ұсынамын. Барлық облыстық қалалардың басты көшелерін — Нұрсұлтан Назарбаев деп атау дұрыс деп деп есептеймін. Елбасыға біздің мемлекеттің ең жоғарғы атақтарына лайықты. «Халық қаһарманы», «Еңбек ері» атағын беруді ұсынамын.

2017080820084449897 nazarbaev 01

Сенаттың бұрынғы төрағасы ретінде Елбасыға құрметті сенатор мәртебесін беру керек деп есептеймін. Тұңғыш Президент түсірілген барлық суреттер мен фотолар жариялы нысандардың, мемлекеттік қызметшілер кабинеттерінің, оқу орындары ғимараттарының міндетті атрибуты ретінде қалады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

zagruzhennoe 1 1

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button