«Қазақстан — балалар көзімен»
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен Атырау облысы бойынша филиалдары – «Жылжымайтын мүлік орталығы», «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы», «Жер кадастры ғылыми-өнідірістік орталығы» қызметкерлерінің балалары арасында Астана күніне орай «Қазақстан – балалар көзімен» тақырыбында сурет салу конкурсы өткізілді.
Конкурстың негізгі мақсаты – көркем шығармашылық арқылы балаларды отансүйгіштікке, талғампаздыққа тәрбиелеу, ұрпақтың тарихи ескерткіш жадылары мен өз отанын мақтан тұту сезімдерін қалыптастыру болды.
Конкурсқа қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлініп, сынға түсті. Жас таланттардың сурет салудағы өнеріне қылқалам шеберлері – Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Камила Жапалова мен кәсіби суретші Данияр Олжағалиев қазылық етті.
Қызықты да тартысты өткен сурет байқауында Табылды Мәдина, Бақтыгерей Ақманар, Оспан Тоты сынды өнерлі өрендердің бағы жанып, жеңімпаздар атанды. Сөйтіп, олар Астана қаласында өтетін республикалық сайысқа жолдама алды.
Бақытжан ХАМИТҰЛЫ.