Жарнама
Жаңалықтар

Атырауға аудандардан еріктілер келуде

Көктемгі су тасқынына қарсы күрес шараларына қолдау білдіріп, көмек көрсету мақсатында бүгінде Атырау қаласына аудандардан волонтерлер келуде.


Еріктілердің алды кеше Қызылқоға ауданынан келіп жетті. Осындай игілікті іске ұйытқы болып жүрген азаматтардың бірі жеке кәсіпкер, облыстық мәслихаттың депутаты Қайырбек Баймұратов. Оның айтуынша, волонтерлердің алғашқы легін өздерінің жүрек қалауымен осы сапқа қосылған 16 азамат құрады. Оларға аудан әкімшілігіндегі жауапты мамандар мен аудандық мәслихат депутаттары, аудандық ардагерлер және қоғамдық кеңес мүшелері ізгі ниет, игі тілектерін білдіріп, оларды шығарып салды.

Ал еріктілер құрамындағы жастар болса, Атырауға жеткен бойда бел шешіп, білек сыбанып, өздеріне бекітіліп берілген учаскелерінде жұмыстарына кірісіп те кетті. Кеше кешкісін қызылқоғалық еріктілердің елу адамнан құралған екінші бір тобы облыс орталығына ат басын тіреп, белгіленген орындарынан табылды. Айта кетсем, өңірден жеткен еріктілер көшін бастап келген белсенділердің қатарында аудандық жастар одағының жетекшісі Ризабек Амантайұлы мен аудандық мәслихаттың депутаты Есенбай Нұровтың есімін атауға болар еді, — дейді Қайырбек Бақытжанұлы.

Айта кету керек, волонтерлердің соңғы легін құраған 60-қа жуық мұғалімді аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфайруз Әнжанова бастап келді.


Дәулетқали АРУЕВ
Қызылқоға ауданы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button