Жаңалықтар

«ҚАТИРА ДҮТБАЕВА ЕСІМІ – КОЛЛЕДЖ ТАРИХЫНДА»

Жуырда туған күніне орай оның есімімен аталатын Атырау гуманитарлық колледжінде «Қатира Дүтбаева есімі – колледж тарихында» атты апталық болды. Барлық бөлімдерде колледж табалдырығын енді аттаған бірінші курс студенттеріне Ұстаздың өмір жолын таныстыру, ұлығылау сабақтары өтті. Сондай-ақ, оларға Қатира Ермекқызы туралы түсірілген бейнефильм көрсетіліп, қадірлі ұстаздың жазылып алынған даусы тыңдатылды. Ал, жоғары курс студенттері ұлағатты ұстазға арнаған өлеңдерін оқыса, колледж оқытушылары ұлағатты ұстаз туралы жүрек тебірентер естеліктер айтып берді.

Өмірі өнегеге толы ұстаздың «…Азаматтық, қайырымдылық, мейірімділік, білімділік — бәріміздіңөміріміздіңшамшырағына айналсын»деген сөзі әрбір жастың көкейіне қонып, болашақ өмірлеріне бағыт-бағдар берері анық. Бір қуанарлығы, колледж ұжымы жыл сайын оның туған күнінде басына барып, гүл шоқтарын қоюды дәстүрге айналдырыпты.

Лиза СЕЙТІМОВА.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button