Жарнама
ЖаңалықтарЭкология

Каспийде қанша итбалық бар?

Atr.kz/21 ақпан, 2020 жыл. Бес елге ортақ Каспий теңізінде Қазақстан-Ресей ғалымдарының бірлескен ғылыми-зерттеу жұмысы басталды.

Ғалымдар арнайы фото-бейнекамераның көмегімен теңіз жануарының тыныс-тіршілігін бақыламақ. Итбалықты зерттеу жұмысына Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты мен Қазақстан қолданбалы экология агенттігінің мамандары, сондайақ, ресейлік ихтиолог-ғалымдар қатысуда.

Каспий теңізінің қазақстандық секторын мекен еткен итбалыққа санақ 2012 жылы жүргізіліпті. Сол кезде 100 мыңнан астам итбалықтың шоғырланғаны белгілі болыпты. Ал, ресейлік мамандар 370 мыңға жуық итбалықтың есебін алыпты. Ал, биыл мемлекетаралық келісім аясында екі елдің ғалымдары итбалықтың нақты санын анықтағалы отыр.

«Итбалықтың санын анықтау – өте күрделі жұмыс. Санақтың қорытындысы шілдеде белгілі болады. Біз бір апта бойы итбалықтардың күшіктейтін жатағын бақыладық. Каспийдің ресейлік жағалауында мұз жұқа болғандықтан, итбалықтар теңіздің қазақстандық секторында шоғырланыпты. Үш күнде итбалықтың төрт мыңнан астам күшігін санадық. Итбалықтың көбею процесінде ауытқушылық жоқ» -дейді Қазақстан қолданбалы экология агенттігінің департамент директоры Федор Климов.

Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ

http://atr.kz/bez-rubriki/%d2%9bytajly%d2%9btar%d2%93a-%d2%9batysty-a%d2%9bparat-estigen-zajsandy%d2%9btar-k%d3%a9shege-shy%d2%93yp-eldi-shulatty-video/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button