Жарнама
Жаңалықтар

Цифрлық қауіпсіздік: Kaspi мен ІІМ жаңа сервис ұсынды

Каспий банкі Ішкі істер министрлігі және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, жаңа сервисті іске қосты. Енді тұрғындар аталған банктің мобильді қосымшасы арқылы полицияға арызданып, жол-көлік оқиғалары, жол қозғалысы ережелерін бұзу, тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да құқық бұзушылықтар туралы хабарлай алады.
Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов бұл бастаманың маңыздылығын атап өтті.
– «Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында біз Egov Mobile қосымшасында азаматтарға полицияға тікелей жүгінуге мүмкіндік беретін жаңа цифрлық сервисті іске қостық. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктердің қосымшаларына ықпалдастыру тетігі де пысықталды. Бұл адамдарға полиция бөліміне бармай-ақ, үйреншікті әрі ыңғайлы сервистер арқылы жүгінуге жол ашады. Жеке атап өткім келетіні, бұл Каспий банкпен бірлескен алғашқы жоба емес – біз полиция қызметтерін халық үшін қолжетімді әрі қауіпсіз ету бағытында ынтымақтастығымызды біртіндеп кеңейтіп келеміз, — деді ол.
Майра ЕРҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button