Кәсіпорын қуаты артады. Одан шығатын зиянды қалдық ше?

1d8158dfb853e2ae0ff46d8fc7b2d911 Жаңалықтар

  Atr.kz/19 – ақпан. Талғайраң мен Ақжар кентіне сағатына 318 мың 03 гигакалория жылу керек

Атырау облыстық экология департаменті жанындағы сараптама кеңесіне Атырау жылу-электр орталығының 2019-2028 жылдарға атмосфераға зиянды заттар тарату нормасының жобасын ұсынушылар осындай ахуалды ашық айтты. Әсіресе, Балықшы, Талғайраң мен Ақжар кенттеріне және Береке ықшамауданына көп көлемде қосымша жылу энергиясы қажет.

1d8158dfb853e2ae0ff46d8fc7b2d911
Stalker changing reality into clear and healthy future

Алайда, кеңес мүшелері атап айтқанындай, өндіріс қуатының артуы түсінікті делінгенімен, қоршаған ортаның жағдайы да назардан тыс қалмауы қажет. Кәсіпорында негізінен ауаға шығатын залалды қалдықтар тұрбадан  түтін арқылы тарайды. Бұл өндіріс ошағының табиғатқа әсерінің 99,59 пайызын құрайды. Яғни, жылына 8 млн. 216 мың 86 тонна күкірт, азот және көміртегі қоспасы атмосфераға тасталады. Бұл аз ба, әлде көп пе – оның түйінін мамандарға қалдырдық. Әйтсе де, шаһар аспанын ластаушылар қатарында осы кәсіпорын да тұрақты аталатыны жасырын емес.

Кәсіпорын қатарға сонау 1963 жылы қосылған-ды. Бастапқыда қазандықтарына май жақты. Жасөспірім шағымызда мұржасынан қою түтін аспанға атып жататынын талай көргенбіз. Сол шақта қалалықтар қалай күн көрді екен? Әлде сол кезде экологиялық талаптар болмады ма?

Oil Well Pumps Field Clouds

Содан 1993 жылы Орталық Азия газ магистралі мен Теңіз кенішінің «көгілдір отынын» тұтынуға көшті. Мәселен, қазір 1 млрд. 135 млн. текше метр табиғи газ пайдалану жоспарланған. Сонда қоршаған ортаға 8 млн. 252 мың тонна залалды қалдық шығару көзделген. Әрине, нақты нәтижеде бұл деңгейден төмен болуы да мүмкін. Өйткені, ілгергі жылдары да жоба бойынша көбірек сұрағанымен, сол эмиссия мөлшерін түгел игермеген.

Әйтсе де, одан арғы жылдары табиғи газды тұтыну мен атмосфераға зиянды заттар тастау көлемі біртіндеп арта бермек. Сөйтіп, 2028 жылы 1 млрд. 375 млн. «көгілдір отын» жағылып, 9 млн. 948 мың тонна залалды қалдық ауаға тарамақ. Бүгінде тұрғын үйлермен қоңсы қонып қалған кәсіпорын әсері сол кезде қандай болмағын көзге елестету де қиын.

Рас, «Атырау жылу-электр орталығы» акционерлік қоғамы президентінің орынбасары Мақсот Әлеповтің айтуынша, осы жылы Балықшы кентін  қамтамасыз ету үшін сағатына 31 мың 137 гигакалория жылу энергиясы қажет. Сонымен қатар, Береке ықшамауданының сұранысы сағатына 29 мың 439 гигакалорияға тең. Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша көптеген ғимарат бой көтеруі тиіс Талғайраң мен Ақжар кенттеріне сағатына 318 мың 03 гигакалория жылу керек. Өзге де өсім бар. Міне, соның бәрін қанағаттандыру үшін кәсіпорын қуатын да еселеп арттыруға тура келеді.

Меңдібай ЕЛЕМЕСҰЛЫ.

(Толық нұсқасы «Атырау» газетінің №13 санында)

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз