Жарнама
Жаңалықтар

Кәсіподақтар күніне орай үздіктер марапатталды

Кеше, 10 қазан – Кәсіподақтар күні. Бұл күн елімізде 2019 жылдан бері ресми мереке ретінде атап өтіледі. Осынау атаулы күнге орай Н.Жантөрин атындағы облыстық филиармонияда өткен салтанатты жиында кәсіподақтар қозғалысының ардагерлері мен белсенді көшбасшыларына құрмет көрсетілді, қоғамдық ұйымның болашақ қызметі айқындалып, жаңа міндеттер белгіленді. Бұл туралы Атырау облысы Кәсіподақтар бірлестігінің баспасөз қызметі хабарлады.

0e11dbde 5e50 451c 9725 2df2fb456a26

Іс-шараға жиналған қонақтарға ғасырдан астам тарихы бар кәсіподақтардың өткені мен бүгіні туралы бейнеролик ұсынылды.  

Атырау облысы Кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Әлібек Семғалиев кәсіподақтағы жемісті және көп жылдық қызметі үшін бір топ кәсіподақ белсенділері мен қызметкерлер Қазақстан Кәсіподақтары федерациясының «Кәсіподақтағы белсенді жұмысы үшін»,  «Қазақстан кәсіподақтар қозғалысына сіңірген еңбегі үшін» медальдарымен және Құрмет грамотасымен марапатталды. Олардың қатарында облыстық онкология диспансерінің дәрігер эпидемиологы Маржан Испергенова, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бюджеттік саясат және бюджетаралық қатынастар бөлімінің бас маманы Үздік Шаймарова, Кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Еділ Ұзақбай,«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ Атырау қалалық комитеті төрағасының орынбасары Милат Әлдешева, Қызылқоға аудандық ауруханасы директорының мейірбике ісі жөніндегі орынбасары Гүлжан Ізмұханова, «Қазақстандық мұнай-газ салалық кәсіптік одағы» ҚБ іс қағаздарын жүргізу жөніндегі маманы Айғаным Өтегенова,  облыстық кәсіподақтар бірлестігінің бас маманы Серік  Қадыров, Мақат сервис орталығы  жоспарлау бөлімінің бастығы Жанар Изжанова, Атырау жол дистанциясы кәсіподақ комитетінің төрағасы Эльмира Бағытова, Мақаш өндірістік кооперативі кадр бөлімінің маманы ТілекшіТемірбайқызы, «Жылыоймұнайгаз»басқармасындағы әлеуметтік мәселелер жөніндегі басшының орынбасары Сырымбек Сәрсембаев және басқалар марапатталды.  

9eb2ac18 4e87 4e11 95ee 710f86d25526

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов жиын қонақтарын мерекелерімен құттықтап, аймақтың қоғамдық-саяси өміріне қатысуға, жастарды отансүйгіштікке, партиоттыққа, ұлттық құндылықтарды сақтауға және кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін кәсіподақ саласының ардагері, республикалық «Сахара» газетінің бас редакторы Қуандық Батыровқа «Ел ағасы», «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалының төрағасы Майра Кашкеноваға  «Мейірімді жүрек» төсбелгілерін табыс етті. «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Абдолла Идресов игі бастамалардың ұйтқысы болып, әлеуметтік қатынастарды қалыптастыруға, тиімді әріптестік орнатуға елеулі үлес қосып жүрген кәсіподақ белсенділерін Алғыс хаттарымен марапаттады.

5c3baec9 a80b 4949 9d01 b37fee63a13c

 «Қазақстандық салалық мәдениет, спортжәне ақпарат қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ Атырау облыстық филиалының төрағасыГүлнар Шайхашева филармония әншісі Медет Қарамырзаға ҚР Мәдениет министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін табыс етті. 

Кеште филармония әншілері концерттік бағдарламасын ұсынып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. 

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button