Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барды

200127105541257e Жаңалықтар

Atr.kz/27 қаңтар, 2020 жыл.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен келді, деп хабарлады бүгін ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

 «Бүгін Қазақстан Президенті Абу-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездеседі. Кездесуде екіжақты ынтымақтастық мәселесі кең ауқымда талқыланады. Сапар барысында БАӘ іскерлік топтарының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізу жоспарланған», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың 28 қаңтарда Дубайда Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактуммен кездесетінін айтады.

Мемлекет басшысы Дубай Халықаралық қаржы орталығына (DIFC) барып, Біріккен Араб Әмірліктері компанияларының басшыларымен кездесу өткізбек.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:

http://atr.kz/bastyi-zha–alyi–/%D2%9Basym-zhomart-to%D2%9Baev-a%D2%9Bsh-prezidenti-donald-tramppen-kezdesti/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз