КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАР: Санитарлық талапқа сай ма? (+ФОТО)
Аtr.kz/26 мамыр, 2020 жыл. Карантин жеңілдетіліп, бірқатар жұмыс орындарының жұмысына рұқсат берілгенімен, осы нысандарда «әттеген- ай!» деген тұстар жетіп артылады. Өйткені, кейбір кәсіп иелері қазіргі талапқа сай санитарлық ережелерді сақтамай, жұмысты жалғастыра беруді жөн көріпті. Бұл олқылықтарға Атырау қалалық әкімдігі жанынан құрылған мобильді топ ұйымдастырған рейд барысында куә болдық.
Коронавирус инфек- циясының таралуының алдын алу мақсатында карантин режимі талаптарының сақталуын қадағалауда құзырлы орын өкілдері облыс орталығындағы бірнеше нысанды аралады. Нәтижесінде бірқатар заң бұзушылық анықталды.
А в а н г а р д ы қ ш а м — ауданындағы «Garderob Atyrau» әйелдерге арналған киім сататын дүкеннің к і р е б е р і с і н д е г і е д е н де залалсыздандырылған т ө с е н і ш т і ң ж о қ т ы ғ ы анықталды. Сондай-ақ, кәсіпкерлік нысанының өкілі бетпердесіз қызмет етуде. Жұмыс кестесі туралы ақпарат мүлдем жазылмаған. Антисептик қойылғанымен, сатып алушылардың қолды осы ерітіндімен жуып кіруін қадағалап жатқан ешкім жоқ. Таңертеңгілік уақыт болған соң ба, қызу жүріп жатқан сауда да байқалмады. Бұл дүкеннің иесі – Әлия Кубиева. Сауда орнында өзі болмағанымен, жұмысты анасы қадағалауда.
– Біз негізінен тауарды «Насиха» сауда үйіндегі бутикте сатамыз. Наурыздың 26-сында жаңа тауарларды Алматыдан әкелгеніміз сол еді, екі-үш күннен кейін төтенше жағдай жарияланып, жұмысымыз уақытша тоқтады. Бұл кезеңде жаңа тауарларды сатуға еш мүмкіндік болмады. Қазір карантин кезінде сауда үйі әлі ашылмағандықтан, Авангард ықшамауданындағы осы нысанды жалға алуға тура келді. Тұтынушыларымызбен дүкенде кері қауышып жатқанымызға ризамыз. Алайда, сауда жүру үшін тауар бағаларын бұрынғы сомасынан бірнеше есе арзандатып қойдық, — деді жеке кәсіпкерліктің өкілі. Сондай- ақ, ол санитарлық талапқа сай келмейтін тұстарды жедел реттейтінін айтты.
Бетпердесіз қызмет етуде
Рейд барысында антисептикпен қол жуып, қ ы з м е т к е р л е р м е н тұтынушылардың бетперде тағуына баса мән берілмейтіні бірнеше рет кездесті. Нұрсая ықшамауданындағы «5000 ұсақ-түйек» дүкенінде де осы жайтқа тап болдық. Кассир әйел өзі жүкті бола тұра, денсаулығының қауіпсіздігіне бейжай қараған. Өзін Айдана Әлімбекова деп таныстырған сауда нысанының әкімшісі заң бұзушылыққа жол беріп, клиенттерге бетпердесіз қызмет көрсетуде. Мұнда кассадағы тұтынушылар арасында 1,5-2 метр ара- қашықтықты сақтау талабы мүлдем орындалмаған. Есікте жұмыс кестесі жазылған парақ ілінбеген.
– Облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, бұлайша ұзын-сонар кезекпен клиенттерге қызмет көрсетуге болмайды. Касса алдында арақашықтықты сақтау үшін еденде сызықтар сызылуы керек. Дүкенге үш-бестен артық клиент кірмеуі тиіс. Олардың бетперде тағып және антисептикпен қол жууын қатаң қадағалау қажет. Жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін болуы тиіс. Бұл міндетті түрде жазылуы керек, — деді Атырау қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының санитарлық-гигиеналық бөлімінің жетекші маманы Ақбөбек Батырқайырова.
Дәл осындай кемшілік аталған мөлтекаудандағы «Гастроном №1» супермаркетінде де анықталды. Мұнда антисептиктің орнына ыдыс жуғыш құрал қойылған.
Құзырлы орын өкілдері антисептик пен нысанды дезинфекциялауға арналған құралды еш нәрсемен алмастыруға болмайтынын баса айтты. Ереже бойынша бетперде әрбір екі сағат сайын ауыстырылуы тиіс. Ал, супермаркетте қызметкерлерге арналған бетперденің қоры болмады.
Шектеу мерзімін күтпеген
Бұған дейін облыстың бас санитар дәрігері өңірдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған кезде кафелер мен мейрамханалар, дәмханалардың қызметіне 2 5 м а м ы р д а н б а с т ап рұқсат берілуі мүмкін екенін мәлімдеді. «Алдымен, тамақтану орындарында қызметкерлер мен келушілердің арақашықтығы сақталуы тиіс. Мейрамханалар мен кафелерде желдету жүйесі жақсы күйде болуы шарт. Міндетті түрде ғимарат ішін желдетіп, ауасын тазартып тұру керек. Тамақтану орындарында тұрақты бактерицидтік шамдар орнатылуы тиіс. Бұл коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін азайтады. Мейрамханалар мен кафелердің кіреберісіне дезинфекциялық тосқауылдар (кілемшелер) қойылуы керек. Үстелдердің орналасуы біркелкі болғаны жөн, олардың арасы 1,5-2 метр қашықтықта болуы тиіс. Бүгінге дейін олар осы жұмыстарды реттеуі қажет» деді аталған басқарманың санитарлық-гигиеналық бөлімінің жетекші маманы Әсем Жұбанова.
Біз рейдке шыққан күні дәмханалар өз қызметін қайта бастау үшін дайындық жұмыстарын ғана жүргізуге құқылы еді. Алайда, шектеу мерзімін күтпеген «Донерстан» кафесі өрескел олқылыққа жол берді. Олардың жазғы кафесінде екі адамды тамақтандырып жатқан сәтіне тап болдық.
– Штатта негізінен 12 қызметкер бар. Қазір төрт адам жұмыс жасауда. Карантин жағдайына байланысты негізінен клиенттердің тапсырысы бойынша «жеткізіп беру» әдісімен қызмет етудеміз. Екі клиенттің «осы жерде тамақтана қояйықшы!» деген көңілдерін қимай, ас мәзірін ұсынған едік. Бұл қызмет түріне әзірше рұқсат жоғын білмей қалдық, — деді кафе әкімшісі Шаттық Сабирова.
Қауіпті инфекцияның алдын алуда «клиент көңілін қимадық» деп бұлайша заң бұзушылыққа жол беруге болмайды. Өйткені, қазір қалтаны емес, халықтың жағдайын ойлап, аурудың алдын алу маңызды екенін ұмытпаған жөн. Осы орайда, мониторингтік топ мүшелері мұндай өрескелдікке жол бермеу қажеттігін қатаң тапсырып, кафе иесімен әңгімелесу үшін оны құзырлы орынға шақырды.
Ереже қайта бұзылса…
Мониторингтік топ бұл күні тұрмыстық техника, ет сататын дүкендердің және сұлулық салондарының жұмыстарымен де танысты. «Сәния Ілиясова» сұлулық салоны мен «Космос» ет дүкені басшылары өз қызметкерлерінің санитарлық режимді сақтауын баса қадағалап, үнемі бетперде мен қолғап, антисептикпен қамтамасыз еткен. Ал, санитарлық талап сақталмаған нысандардың басшыларына ескерту берілді.
– Төтенше жағдай кезінде барлығы 1176 кәсіпкерлік орны тексерілді. Санитарлық талапты сақтамай жұмыс жасаған төрт азық-түлік дүкенінің ісі сотта қаралып, олардың әрқайсысына 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Ал, төтенше жағдай алынып, карантин режимі ұзартылған кезеңде 326 нысанның ж ұ м ы с ы б а қ ы л а н д ы . Олардың ішінде сегіз заң бұзушылық анықталды. Бүгінде санитарлық талапты сақтамағандарға ескерту берілуде. Егер ереже қайтадан бұзылса, айыппұл салынып, шара қолданылады немесе нысанның жұмысы тоқтатылады. Себебі, азық- түлік емес дүкендердің жұмысына күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда ғана рұқсат беріледі, — деді мобильді топтың мүшесі Ақбөбек Батырқайырова.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА