Жарнама
Жаңалықтар

Кәсіпкерлерге арналған «Бірыңғай есеп беру күні» өтті

Н.Балғымбаев атындағы Даму және коммуникациялар орталығында кәсіпкерлерге арналған «Бірыңғай есеп беру күні» өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік бақылау және қадағалау қызметінің заңнамалық талаптарын бұзудың алдын алу, кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ олардың тұрақты әрі қауіпсіз қызмет етуіне ықпал ету.

Жиынға Атырау облысындағы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері, прокуратура органдары, сондай-ақ өңірдегі бизнес қауымдастықтардың өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты. 250-ден астам кәсіпкер мен тексеру комиссиясы, басқа да мемлекеттік мекеме өкілдері бас қосқан жиын барысында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және қолдау мәселелері кеңінен талқыланды.

Жиын соңында өңірдің кәсіпкерлері өздерінің көкейкесті сауалдарын қойып, тиісті мамандардан нақты әрі толық жауаптар алды.

Тоғжан ЕРМЕК
Суретті түсірген автор

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button