
ЖаңалықтарЭкономика
Кәсіпкерлер үшін салық пен төлем саны азайтылады
Atr.kz/2 қыркүйек, 2020 жыл. Бюджет саясатының тиімділігі мен тұрақтылығына бағалау енгізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
- «Бүгінгі күні Салық кодексінде 12 салық, 48 кіші салық түрлері, 10 төлемақы және 6 алым көзделген. Тиісінше, салықтар мен төлемдер санын барынша азайту бойынша жұмыс жүргізіледі. Экономиканың аса көп зардап шеккен секторлары үшін баламалы негізде айналымнан бөлшек сауда салығын төлеу құқығын қолдану мәселесі зерделенеді», — деді ол.
Сондай-ақ министр салық мөлшерлемелерін саралау мүмкідіктері зерделенетіндігін айтты.
- «Бюджеттің түйінді коэффиценттері жиынтығы әзірленеді. Бюджет саясатының тиімділігі мен тұрақтылығын бағалау енгізіледі. «Кеңейтілген бюджетті» енгізу аясында шоғырландырылған бюджетке бюджеттен тыс қорды қосу арқылы мемлекеттік қаржыны кешенді бағалау енгізіледі», — деді Руслан Дәленов.