«Қашағаннан» қоршаған ортаға қауіп бар ма?
Солтүстік Каспий жобасының операторы – «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (НКОК) компаниясы қоғамдық тыңдау өткізді.
Шараға облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаев, өңірлік қоғамдық ұйымдар, жер қойнауын пайдалануды қадағалау жөніндегі мемлекеттік бақылаушы органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қа- тысты. Компанияның басқарушы директоры Бруно Жардэн өзінің кіріспе сөзінде Қазақстан Үкіметімен бекітілген қазіргі негізгі тұжырымдар уақыт талабы екенін атап өтті. Биыл наурызда өткен қоғамдық тыңдауда кен орнын игеру бағдарламасының мерзімі талқыланып, ол екі жылдан бес жылға ұзартылды. Бұл кен аймағын игерудің келешек кезеңдері үшін толыққанды ақпарат алуға мүмкіндік берері сөзсіз.
– Біздің тарапымыздан жүргізілетін жұмыс барысында Қазақстан Республикасы заңдарының, халықаралық нормалар мен стандарттардың талаптары қатаң ескеріледі. Бірақ осындай тыңдаулар тек сол талаптардың қалай сақталып жатқанын көрсету үшін ғана өткізілмейді. Сонымен бірге, өндірістік және табиғатты қорғау қызметінің ашықтығын, өңір дамуына қатысты міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету де маңызды, — деген компания басшысы сөздерін нақты деректермен де қуаттады. Мәселен, соңғы қоғамдық тыңдау нәтижесінде облыстағы мемлекеттік емес ұйымдар өкілдері үшін Солтүстік Каспий жобасының нысандарына арнайы сапар ұйымдастырылыпты. Қашағандағы құбыр желілері жоспарға сәйкес, қауіпсіздік және сапа талаптарына сай ауыстырылып жат-қанына жергілікті экологтар да куә болды. Жардэн мырзаның айтуынша, биылғы мұнай өндіру барысында да адамдардың қауіпсіздігі мен денсаулығы басты назарда ұсталатын болады.
Осыдан кейін «Қазақ қол- данбалы экологиялық агенттігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жоба менеджері Дина Сахариева Қашаған кен орнының тәжірибелік-өнеркәсіптік, технологиялық нысандары бойынша енгізілетін түзетулер мен толықтыруларға тоқталды. Бір қарағанда, өңір табиғатының қауіп-сіздігі үшін алаңдайтын себеп жоқ. Өйткені, қағазда бәрі «қатып» тұр. Бірақ, осы ретте әңгімеге араласқан геология-минералогия ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Муфтах Диаров пен «Глобус» үкіметтік емес ұйымының төрайымы Галина Чернова бұлай ойламайды. Олар маман келтірген мәліметтерге күмән келтіреді.
Толығырақ газетімізден оқи аласыздар.