Атыраулық полицейлер 26 дана бекіре тұқымдас балық сақтаған тұрғынды ұстады

87576876786 Жаңалықтар

Атырау облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 1973 ж.т облыс орталығының тұрғыны қала аумағында бекіре тұқымдас балықтарын сатып жүргенін анықтаған.

Атап айтқанда, тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде жалпы салмағы 90,6кг құрайтын 26 дана бекіре тұқымдас балықтары анықталып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта 49 жастағы күдікті тұлға анықталып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Аталған дерек бойынша №1 Полиция бөлімімен  ҚРҚК 339-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Өзге ақпарат ҚПК-нің 201 бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз