ЖаңалықтарЭкономика
KASE: Доллар бағамы арзандады
Atr.kz/ 15 сәуір, 2019 жыл. Қазақстан қор биржасында (KASE) дүйсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 1 долларға — 379,47 теңге болды.
Жұма күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 0,16 теңгеге арзандаған. Сессия барысында ең төменгі бағам 1 долларға — 378,8 теңге, ал ең жоғарысы — 379,75 теңге болған. Сауда көлемі 28,8 млн долларға жетті. Жұма күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 379,63 теңгені, күндізгі сессияда 379,58 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 379,59 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі — 91,538 млн доллар.
Дереккөз: «ҚазАқпарат»